Қазақстандағы синхронды жүзу тарихы
Суда жүзу спорты еркін, бірақ баттерфляй, синхронды және су астында жүзу сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішінде ең көріктісі - синхронды жүзу. Бұл спорт түрі Қазақстанда 80-жылдардан бастап дами бастаған. Қыздардан құрылған команданы жаттықтыру үшін Украинадан арнай тәжірибелі мамандар шақырылды. Әлемге танымал спорт шеберлерінен машыққан бойжеткендер 1992 жылы Барселонада және 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, Азия құрлығының үздіктер қатарынан көрінді.