Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақ хоккейшісі — ҚХЛ-дің үздік шабуылшысы

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауов Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде бірінші орынға көтерілді. ҚХЛ-дің ресми сайты хабарлағандай, хоккейдегі «гол-пас» жүйесі бойынша Т.Жайлауов 13 ұпай жинады. Жаңа маусым басталғалы бері ол үш шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Атап айтқанда, «Авангардпен» болған ойында Т.Жайлауов бір шайбамен көзге түссе, «Автомобилистке» қарсы матчта екі бірдей шайбаның авторы атанды. Ал кеше «Донбасспен» өткен ойында ол тағы екі нәтижелі пас беріп, «Барысты» жеңіске жетеледі. Бүгінде Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде Т.Жайлауов көш бастап тұр. Оның әріптесі — Наджел Доус үшінші орында. Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Астана қаласының «Барыс» хоккей клубында қазақтың тек бір хокке…

0
0
429

Әйгерім Ошақбай бокстан Әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласын нокаутпен ұтты

Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше қазақстандық Әйгерім Ошақбай (52 кг) 1/8 финалда беларусь Карина Максимованы 1-раундта нокаутпен ұтты. Ал Асыл Асқарова (48 кг), итальяндық Ванесса Ферликті, Ангелина Лукас (50 кг) грекиялық Фотеини Плеаны, Алтын Мұқышбекова (75 кг) түркиялық Аслихан Сивриді, Екатерина Анисимова (60 кг) өзбекстандық Мафтунахон Мелиеваны 3:0 есебімен, ал Ақмарал Шәмшидинова украиналық Анастасия Космиракты 2:1есебімен ұтты. Жастар арасындағы сында Алуа Балқыбекова (48 кг) моңғолиялық Жаргалан Оширбатты, Ақтолқын Кеңесбекова (57 кг) АІВА ұсынған Неелам Сайниді, Мәдина Нұршаева (64 кг) әзірбайжандық Мариам Жабрайылованы, Валентина Халзова (75 кг) германиялық Ендале Маки Оливианы 3:0 есебімен тізе бүктірді…

0
0
279

Бокстан әлем чемпионаты: 10 боксшымыз — жартылай финалда

Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында он боксшымыз жартылай шықты. 44 келіде Назерке Жүрғараева үндістандық Лаино Данладан басым түсіп, жартылай финалдық кезеңге шықты. 48 келіде Асыл Асқарова болгар Осман Хафизені жеңіп, ширек финалдан өтті. 52 келіде Айгерім Ошақбай ресейлік Умеда Саидованың мысын басып, жартылай финалға жолдама алды. 54 келіде Балауса Мұздыман румын Косма Кристинаның жолын кесіп, жартылай финал мәселесін шешті. 57 келіде Назым Ишванова да жартылай финалда. Ол алжирлік Ноур Вахмедтен басым болды. 60 келіде Екатерина Анисимова болгар Войка Вашованың үмітін үзді. 63 келіде Аида Әбікева румын Парашива Паскуды нокаутқа түсірді. 66 келіде Любовь Хасиева түрік Гизем Айдамирді жеңді. Ол да — жартылай финалда…

0
0
383

Семейде футболға қатысты сирек жәдігерлер көрмесі ашылды

Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залына футболдың 100 жылдығына арналған көрме ашылды. «Бұл көрменің пайда болуына бізге футбол ардагерлері, олардың туыстары, осы ғажайып ойынның жанкүйерлері көп септігін тигізді. Біз 700-ден астам құнды жәдігер мен 100-ден астам фотосуреттер алдық. Олардың арасынан ең құндыларын, қызықтыларын таңдап алу оңай болған жоқ» — деді мұражай қызметкері Тақтаған Сердалина. Мұражай қызметкерінің сөзіне қарғанда, оларға қазақстандық футбол тарихшысы Станислав Сарсеков өлшенбес көмек көрсеткен. Бір ай бойы тарихшы мұражайшылармен бірге келіп түскен жәдігерлерді сараптап, оларды безендіру жұмыстарына қатысыпты. Сонымен қатар С.Сарсеков марка жинаумен айналысатындықтан, осы көрмеге өзінің футбол тақырыбына жинаған маркаларының жиынтығын ұс…

0
0
513

«Барыстың» бірінші тобы ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі топ деп танылды

Астана «Барысының» хоккейшілері Найджел Доус, Дастин Бойд пен Брэндон Боченски 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты тарихында ең нәтижелі топ деп танылды, деп хабарлады Vesti.kz. Қазақстан командасының бірінші тобының есебінде соғылған 14 шайбалық доп бар. Осыған дейінгі жетістік өткен кезеңде жаңарған болатын, онда Челябинскінің «Трактор» командасы (Станислав Чистов — Ян булис — Евгений Кузенцов) осыған дейін екі рет қайталанған 10 шайба соғу жетістігін қайталады. Атап өту керек, соңғы 13 жылда чемпионатты осылай ешбір үштік бастаған емес. Осыған дейінгі үздік нәтиже 11 шайба болатын. Оны 2006/2007 жылғы кезеңде Қазанның «Ақ барысы» орындаған болатын. ҚХЛ чемпионатының ең нәтижелі тобы — Нижегородскийдің «Торпедосы». Олар 2010/2011 жылғы кезеңде 58 шайба соққ…

0
0
254

ҚР Кубогы. «Ертіс» өз алаңында «Шахтерды» жеңді

Футболдан ел кубогының жартылай финалының алғашқы кездесулері аяқталды. «Шахтер» сырт алаңда керекулік «Ертіске» соңғы минутта есе жіберіп алса, Арно Пайперс шәкірттері өз алаңында «Ақтөбемен» тең тарқасты. «Тараз» — «Ақтөбе» Қос ұжым арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Алайда командалар бір-бірінің осал тұстарын таба алмады. Қауіпті шабуылдар көп болғанымен, қақпашылар Рамиль Нұрмұхаметов пен Андрей Сидельников өз шеберліктерін танытып, қақпаларына доп өткізбеді. Кездесудегі статистика: Доп ұстау басымдығы: 39% — 61%Қақпаға соққы: 20 — 9Қақпаға дәл соққы: 7 — 4Ереже бұзу: 15 — 10Офсайдтар: 1 — 3Бұрыштама: 9 — 2Сары қағаз: 3 — 3Ойыншы алмасу: 2 — 3. «Тараз» — «Ақтөбе» 0:0 (0:0).Сары қағаз алғандар: Харабара 40, Диакате 64, Евстигнеев 69, Мулдаров 76, Шабаев 87, Хайруллин 88, Бадло 94.«Т…

0
0
425

Бокс: Әлем чемпионатында 18 қазақстандық ширек финалға шықты

Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында бүгін ширек финалдық ойындары өтеді. Онда жасөспірімдер арасында Назерке Жұрғараева (46 кг) АІВА ұсынған Нетинхой Лайно Данламен, Балауса Мұздыман (54 кг) румыниялық Кристина Космамен, Екатерина Аниссимова (60 кг) болгариялық Бойка Вашевамен, Любовь Хассиева (66 кг) түркиялық Гизем Айдемирмен, Асыл Асқарова (48 кг) болгариялық Хафиза Османмен, Әйгерім Ошақбай (52 кг) ресейлік Умеда Сайдовамен, Назым Ишанова (57 кг) алжирлік Хоуда Ноур Елмен, Аида Әбікеева (63 кг) румыниялық Парашива Пассумен, Баян Ақбаева (70 кг) украиналық Анна Бойкомен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Ал жастар арасындағы сайыста Алуа Балқыбекова (48 кг) түркиялық Айси Кагипирмен, Айдана Арапбаева (60 кг) шве…

0
0
373

Қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Семейде өткен футбол мерекесі шеңберінде қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. «Бірінші кезекте, шақырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл — мен үшін үлкен құрмет. Сіздерді Германия футбол федерациясының атынан Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Екі елдің футбол федерациялары арасында әріптестік қарым-қатынасты дамыту туралы меморандумға қол жеткізгеніміз үшін қуаныштымыз. Бұл — футбол өміріндегі тарихи оқиға. Осындай екіжақты байланыстар арқылы қазіргі уақытта Германияда жастар футболына инвестиция құю барысын байқауға, зерделеуге болады. Олар — ертең ұлттық құрамада өнер көрсететін жастар. Футболды дамытуда атқарылатын жұмыстар легінде өзара тәжірибе а…

0
0
804

Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды

Зырян қаласының тұрғыны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды. Ауыр атлетикадан жастар мен ересектер арасында Азия кубогын сарапқа салған жарыста жерлесіміз 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 337 келіні көтеріп, алтын медальға ие болды. Қазақстан ауыр атлеттері арасында 19 жастағы біздің спортшы ғана осындай нәтижеге жетті. Азия ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Корея, Қазақстан, Қытай, Сирия, Индия, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мьянма және Таиланд құрама командалары қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz. «Біздің спорт мектебінде жаттығып жүрген Денис Уланов биыл Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған болатын…

0
0
262

Елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды

14-26 қазан күндері Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді. Онда елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Ільяс Сүлейменов (52 кг дейін), Мерей Ақшалов (64 кг дейін) және ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 кг дейінгі «қазақ» салмағы) он былғары қолғап шеберінің ішінде әлем чемпионы атағын сарапқа салады. «Үшеуі де Қазақстан чемпиондары және Азияда өздерінің салмақ санатында көш бастап тұр. Ільяс Сүлейменов — Азия чемпионатының күміс жүлдегері, «А» сыныбындағы көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мерей Ақшалов — Азия чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, «Astana Arlans» клубының сапында жеткен жетістіктерімен белгілі және Дан…

0
0
276