Перейти к содержимому
katonkaragay.nurotan.kz

Катон-Карагайский филиал

@katonkaragay.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 14 қыркүйекКазахстан, Катон Карагай

Официальный филиал партии "Nur Otan" Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

273

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

9

Құрметті сайлаушылар!

Құрметті Белқарағай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Елшібеков Айбек Төлепбердіұлы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында дүниеге келдім. Бала кезімнен ата-анам маған адал және еңбекқор болуға үйретті. Алматы қаласы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын Жалпы әскери командир мамандығы бойынша бітіріп, Шекара қызметінің маманы, ҰҚК зейнеткерлікке шыққаннан кейін 2019 жылы өз өлкеме оралып, Белқарағай ауылдық округінің дамуына үлес қосамын деп шештім. Өзімнің еңбек жолымды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 6 шекара отрядының Алексеевка шекара комендатурасының күзет взводының командирінен бастап, оқу орталығының бастығы болып аяқтадым. Әріптестермен, балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас біздің ауылдық округ тұрғындарының күнделікті қандай қи…

0
0
224

Көбешев Еркін Әмиұлы

Мен, Көбешев Еркін Әмиұлы, "Nur Otan"партиясынан Өрел ауылдық округі әкімдігіне кандидатпын. Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өттім. Сіздердің қолдауларыңызға сенемін!!!

0
0
151

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина бүгін Катонқарағай ауданына келіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Шекаралық аудандандарды дамыту бағдарламасына сәйкес салынып басталған 30 пәтерлі үйдің және «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы негізіндегі 2 пәтерлі 7 үйдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ Сенат депутаты ауданымыздағы Анатолий Матасов басшылық жасайтын «Жас Қанат» шаруа қожалығына барды. Шаруа қожалығының басшысымен әңгімелесу барысында ауылшаруашылық мақсаттағы субсидияларды бөлу жүйесін өзгерту туралы ұсыныстар айтылды.

0
0
191

Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Кемпірбав К.Т канвассинг форматында кездестім.

Бүгінгі күні еңбек ардагері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Кемпірбав Көксеген Торғайұлымен канвассинг форматында кездестім. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарланған істердің жүзеге асу барысы және алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы сұхбаттастық. Аудан көлемінде атқарылып жатқан істер, соның ішінде ауыз су, жол, байланыс мәселелері талқыланды. Аудан орталығының болашығы жайлы да әңгіме өрбіді. Көксеген Торғайұлы өз кезегінде өткен маусымдағы аудан орталығындағы жылу беру мәселесіндегі қолайсыздықтарды еске алып, алдағы қыс маусымында мұндай келеңсіздіктердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу туралы өз ұсыныстарын білдірді.

0
0
149

2021 жылдың 13 шілдесінде Катонқарағай ауданының депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Бүгін 2021 жылдың 13 шілдесінде Катонқарағай ауданының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырыс zoom арқылы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: 1. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Катонқарағай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының "Өзгерістер жолы: әрқайсысына лайықты өмір" Жол картасының көрсеткіштерін іске асыруға қаражат бөлу туралы Катонқарағай ауданы бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльвира Женискановна Акимбетова хабардар етті 2. "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы басшысының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебі "Nur Otan" партиясының Катонқарағай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Әмина Қазъякберқызы Жұмағұлова хабардар етті.

0
0
220

«Nur Otan»партиясының төрағасы Н.Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті бейнеконференция режимінде Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына арналған Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге бұл саяси іс-шараға қатысуға шақырып, сөз бергені үшін ризашылық білдірді. «Бүгінгі саммиттің «Халықты бақытқа бастау – саяси партиялардың жауапкершілігі» атты тақырыбы өте өзекті, ол мен басқаратын «Nur Otan» саяси партиясы жұмысының негізгі мәнін көрсетеді. Биыл менің елімнің тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Басты саяси күш ретінде біз алғашқы күннен бастап партияның негізгі басымдықтарын айқындап алдық: халық пен тұтас қоғамның әл-ауқатын артты…

0
0
195

Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін!

Елорда сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!

0
0
235