«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының аймақтық «Экологиялық қоғамдық кеңестің» отырысы болып өтті.
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының аймақтық «Экологиялық қоғамдық кеңестің» отырысы болып өтті. Отырыс ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарыңың «Экологиялық қоғамдық кеңестердің» төрағаларымен қатар Катонқарағай ауданынан Атабаева Гаухар Тупайқызы мен " Nur Otan" партиясы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Сәдуов Қаиржан Қабышұлы қатысты. Күн тәртібінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және аймақтың орман алқабын ұлғайту мәселелерін қарастыру» мәселесі мен басқада сұрақтар қаралып, талқыланды.