ШҚО филиалы төрағасының орынбасары А.Байжанова жұмыс сапасын ерекше қадағалауға алуды тапсырды.
19 мамыр күні «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Байжанованың басшылығымен партияның аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы, онлайн жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен өтініштерін қарау мәселелері талқыланды. А.Байжанова азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарау «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратының қатаң бақылауында тұрғанын ескертіп, филиалдардың осы бағыттағы жұмыс сапасын ерекше қадағалауға алуды тапсырды.
