Сұлулық әлемді құтқарады
«Сұлулық әлемді құтқарады» - бұл сөйлемді әрқайсымыз бір рет естімедік. Дәл осы тіркес әртүрлі телешоулар мен сұлулық байқаулардың ұранына айналды. Өкінішке орай, мұның бәрі адамның санасына, әсіресе, жастардың санасына, «Адам сырттай сұлу болу керек. Олай болмаса, адам қоғамда да, жұмыста да табысты болмайды. Тек әдемі және көрікті адамдарға ғана өмір жолы ашық» деген стереотипті қалыптастырды. Шынында, сұлулық дегенді адамдар «тек сыртқы әдемілік» деп түсінеді. Заманауи ғасыр әлемі гламур заңдарына жүгінуді әдетке айналдырды. Кейде, қарапайым адам сән журналдарына көз жүгіртіп отырып, өзің журнал беттеріндегі модельдерден кем сезінеді. Соның кесірінен «сұлулық» қазіргі кезде косметология, пластикалық хирургия, сән үрдістерін ұсынып, табыс көзіне айналып отыр. Өткен ғасырдың ұлы ойшылы,…