Мазмұнға өту
journalist_n

journalist_n

Сайтта 2024 ж. 22 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

106

жазбалар

893

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды

Атырау қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылған «Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті.Театр әртістері – Даун синдромы бар, жасы 16-дан асқан балалар. М. Өтемісов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында шығармашылық ұжым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бала күннің бояуы» атты концерттік қойылым ұсынды. Сонымен қатар жас өнерпаздардың қатысуымен сән көрсетілімі де ұйымдастырылды.Жобаның авторы – Атырау қаласының тұрғыны Әнел Маратова. Ол 2024 жылы республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алып, ерекше балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға бейімдеуді мақсат еткен.«Күн» театралдық жобасында 14 өнерпаз бар. Олар апта сайын екі рет актерлік шеберлік, үш рет хореография сабағына қатысады. Шығармашылық…

0
0
115

Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді

Оның өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайды. Бұл – Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталған.Суперкомпьютерді орнату және іске қосу оның үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Tier III сенімділік деңгейіндегі ЦДИАӨМ-тің жаңа деректер орталығында жүзеге асырылады. Бұл Президенттің өзінің цифрлық инфрақұрылымын құру және ұлттық AI-экожүйесін дамыту жөніндегі Жолдауын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.Бұл бастама тек мамандар шеңберіне ғана емес, бүкіл елдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған. Мұндай қуаттылық бүгінде денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызметтер сияқты барлық салаларда қолданыс табуда.Ең…

0
0
160

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл жөнделетін 11 мектеп қатарында Аягөз, Үржар, Семей, Жаңасемей, Бесқарағай аудандарының білім мекемелері бар. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы жиында айтты. Сонымен қатар, алдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады. Биылдың өзінде 19 мектепке 55 кабинет, 68 мектепке 68 тақта сатып алынады. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 33 ауыл мектебі заманауи кабинеттермен жабдықталады. «Мектептерді күрделі жөндеуден өткізсек те, облыстың барлық мектептерінде оқушылар жабдығының тозығы мәселесі шешімін таппай отыр. Бұл мәселені де алдағы үш жылда кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Балалардың қосымша білім алуына жағ…

0
0
136

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Жаңасемей ауданының Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Өңір үшін маңызды нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар қатысты.Ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешен бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.«Eurasia Agro Semey» ж…

0
0
217

АСТАНАДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар жиналып, Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезінің шеңберінде өтіп жатқан «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференцияға қатысуда.Форумның күн тәртібінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, заманауи технологияларды енгізу және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралуда.«Қазақстан – аумағы кең, халқы әркелкі қоныстанған ел, бұл шұғыл медициналық көмекті көрсетуге ерекше жағдай туғызады. Біз заманауи логистикалық моделдерді, телемедицина шешімдерін енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз.…

0
0
148

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: бизнес-процестерді автоматтандыру

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заң ашық әрі әділ сатып алу жүйесіне жол ашып, осы арқылы кез келген адал өндіруші сатыпалымға тең шарттармен қатысуға мүмкіндік алды.Бұл ретте Бірыңғай сатып алу платформасын енгізу мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатыпалымдарының электронды қызметтерін бір нүктеден алып, бұл тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға немесе өндірушіге сатып алу процесіне кез келген желіге қосылған компьютер арқылы қатысуға мүмкіндік береді.Барлық адам онлайн режімде сатып алу туралы ақпаратпен таныса алады: техникалық ерекшеліктен бастап келісімшарттарды орындауға дейін.Аталған портал қоғам мен бақылаушы органдарға қажетті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік беріп, деректердің ашықтығын қамтамасыз етеді.Цифрландыру шеңберіндегі негізгі жетістіктердің бірі…

0
0
136

Дәстүрлі «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.Республикалық деңгейде өткен бұл зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Абай облысынан келген 60-қа жуық пікірсайысшы қатысты.Турнир нәтижесінде Мирам Тұрысбеков (Абай облысы) пен Хасанов Еркебұлан (ШҚО) үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.Сонымен қатар, Мирам Тұрысбеков «Үздік спикер» атанды.Финалист атанған топтар қатарында келесі командалар болды:Бинұр Ахатқызы (Алматы қаласы) мен Амир Өміржанов (Астана қаласы);Қазез Жұмаханов (Абай облысы) мен Жігер Сарсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы);Асылжан Рымқұло…

0
0
239

Репродуктивті денсаулық апталығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев репродуктивті денсаулық мәселесіне айрықша мән беріп, отбасы институтын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды.Жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарлары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы және АИТВ жұқтырған жаңа жағдайлардың көбеюінің алдын алу мақсатында 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді.Бұл бастаманың негізгі ұйымдастырушыс…

0
0
105

2025 жылғы I тоқсандағы жалақы

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

0
0
245

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.Облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Берік Уәли, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты. Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.Облыс әкімі Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған көрмені тамашалап, ардагерлермен бірге майдан ботқасынан дәм татты. Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына «Жеңіс күні» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті…

0
0
126