Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қазақстандық студенттер зардап шеккен жоқ

Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер Мәскеудегі қазақстандық студенттердің терактіден кейінгі жағдайы туралы хабарлады.

"22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - деп жазылған ҒЖБ телеграм-арнасында.

0
0
254

«Крокус Сити холлдағы» теракт: 40 адам қаза тапқаны айтылды

Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Фото: Reuters

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

kaz.inform.kz

0
0
261

Наурыз туралы

22-ші март – Наурыз мейрамы. Күншығыс халқына тегіс мейрам қылып өткізу – салт болған күн. Мұны көп білгіштер «дін мейрамы деп жиреніп, лажы болса, құртып жіберу керек», – деп сопышыланып, аңқау елге арамза молдалық соғатын қазақ коммунист жолдастардан бар екен. Наурызға арналған намаз жоқ. Наурызда құрбан шалынып, Құран оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз – күн мен түннің теңеліп, күннің асып кетіп бара жатқан уағына дәл келетін мейрам. Наурыз мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарттарына тұрмыс көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қиыншылықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, аман қалған малы балалап, қорасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғатт…

0
0
302

ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады

Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты.Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн:- сіздің ақшаңызды алып қойғалы жатыр, күдікті операция тіркелді;- SMS-тегі кодты айтып жіберіңіз;- тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға көмектесіңіз, бұл туралы ешкімге айтпаңыз;- несиеге өтініш толтырылды;- ақшаны арнаулы және қауіпсіз шотқа аудару керек;- банк картаңыздың / SIM-картаңыздың қолдану мерзімі біткелі жатыр.Ал жалпы, алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін не істеу керек: - күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз; - жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз; - күдікті сі…

0
0
234

ІММ-нің бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалды ма? - Бас прокуратура жауабы

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазылған еді. Осыған байланысты Бас прокуратура түсініктеме берді. Фото: egemen.kz-"Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Е. Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлайды. 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды.…

0
0
223

Шебер мың жарымға жуық музыкалық аспапты сақтап отыр

Шебер Азамат Бейсенәліұлы 1500-ге жуық музыкалық аспапты жинап, сақтап отыр.

Азамат Бейсенәліұлы – ұлттық аспаптың сан түрінде ойнайтын әмбебап музыкант. «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафонында қонақтарға ұлттық аспаптардың атауын жасырып, жеңімпаздарға кәдесый тарту етті.

0
0
235

Елімізде полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Фото: Sputnik

Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті. Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті. Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді. Жалпы ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
258

Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр.Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, заң жобасында 2 ілеспе құжат бар. Оның біріншісі - «Бірқатар заңнамалық актілерге өзге…

0
0
265

Алматы облысында үш жасар қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге тікұшақ тартылған

Үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.17 наурыз сағат 21-44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 ж.т. қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, ол 16-30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ "Қазавиақұтқару"тікұшағы жұмылдырылды. Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үсті іздестірді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиғ…

0
0
373