Мазмұнға өту
izgilik

Ізгілік Нагиев

@izgilik

Сайтта 2010 ж. 15 желтоқсанКазахстан, Алматы

www.45minut.kz

рейтинг

100

жазбалар

219

пікірлер

194

тіркелуші

48

жазылымдар

69

Чуть ли не продал Ислам за 20 цент? О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым...

Түркияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін анекдот айтқаны үшін соттап жатыр. Іс сотқа дейін созылатындай не бүлдірді деп ойлауыңыз орынды. Кезінде энергетика министрін жұдырықтың астында қалдырған Кайсерилік мұғалім Түркия премьері Реджеп Тайип Ердоғанға қатысты езутартар шығарды деп айыпталуда. Ел үкіметбасшысын әжуалауға бағытталған анекдотты ғаламтор арқылы халыққа таратқан Шахин Шимшектің ісі басталып та кетті деп хабарлайды түркиялық ақпарат құралдары. Анекдот дінді саудаға салып, саясатқа араластырған шенеуніктерге арналған. Айыпталушы болса бұл мысқылды желідегі достарының бірі жібергінін айтады. Ендеше елді дүрліктірген Ердоғанға қатысты езутартарды оқи жүріңіздер:

«Лондон мешітіндегі имам үнемі бір автобуспен қатынайды екен. Бір күні автобус жүргізушісі жолақысының артығын қайырып жатып, 20 центті артық төлепті. Имам бұл ақшаны қайтарсам ба, әлде қайтармай өзімде қалдырсам ба деп он ойланып, ақыры ақшаны бермеу туралы шешімге келеді. Бұл да Алланың берген сыйы шығар деп ойлайды. Бірақ, ары жібермеген имам көліктен түсерде қалған ақшаны қайтарып беріпті. Автобус жүргізушісі болса: «Мен сіздердің мешіттеріңізге барып, Ислам дінімен кең таныспақшы едім. Сол себепті, сіздің қаншалықты адал екеніңізді тексергім келді» деп жауап қайырған. Имам далаға шыққасын көкке көзін тігіп тұрып: «О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым» деген екен.

Ақпарат иесі: http://masa.kz/article/view/id/997

0
0
598

Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы» сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!

Құрметті Интернет қолданушылар! Сіздерді  екі дүние сардары болған, сүйікті пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) туылған күн – Мәуліт мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағаладан зор денсаулық, ынтымақ, елімізге нұр шапағат, дінімізге қуат тілеймін. Келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болып, Алла тағала баршамыздың жүректерімізді иман нұрына толтырсын. Мәуліт  мерекесі мүбәрак болсын!

Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы»  сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша Өкіл имамы,
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр»
мешітінің Бас имамы:                                                                         Б. Есмахан

Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні. Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деген. Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.


0
0
827

www.bagdat-s.kz - Бағдат Самидинованың жеке сайты

Қазақ ғаламторы жаңа сайтпен толықты. Белгілі әнші Бағдат Самидинова www.bagdat-s.kz жеке сайт ашты. Сайтта әнші туралы ақпарат, сурет, видео топтамалар, әндерді жүктеп алуға, Байланыс арқылы сұрақ қоюға болады.

0
0
1188

Блогыма жарнама жасағанға алғыс, Благодарю за то что рекламирует мой блог. Говорит буду судиться....

Бар мәселе http://izgilik.wordpress.com/2011/02/16/а-ляхов-про-нас/#comment-52 туралы. Оқып пікір жазыңыздар. Менім блогымды жарнамалау ма әлде, өзінің атын жарнамалау ма түсінбедім:

http://twitter.com/#!/malimetter/status/38529730827264000

http://twitter.com/#!/snsnkz/status/38531807024656384

http://twitter.com/#!/malimetter/status/38534550841720832

http://twitter.com/#!/snsnkz/status/38535056549097472

http://twitter.com/#!/malimetter/status/38536096920895489

http://twitter.com/#!/malimetter/status/38536804193796096

http://twitter.com/#!/malimetter/status/38545515972927488

0
0
505

www.7kun.kz - Новая Интернет газета. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазақ тілді ғаламтор басылымдардың қатары тағы бір қазақ тілді интернет-газетпен толықты. Бүгін www.7kun.kz деп аталатын жаңа интернет-басылым іске қосылды.
Ғаламтор басылымның бас редакторы Ербол Албанның айтуынша, басылымды ашу интернет саласының қажеттілігіне орай туындаған. «Қазіргі таңда әлемде интернеттену үрдісі қатты қарқынмен жүргізілуде. Бұл үрдістен Қазақстан да қалып отырған жоқ. Елімізде жыл санап ғаламтор пайдаланушылардың саны артып отыр. Мысалы, 2010 жылдың соңында 4,3 млн. адамды немесе еліміздің тұрғындарының 26,5 пайызын құрады. Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының басым бөлігінің интернетке қосыла алмай отырғандығын, болашақта олардың қосылу мүмкіндігін ескерсек, алдағы уақытта оны пайдаланушылар саны артады. Сондықтан интернет-басылымдар, оның ішінде қазақ тілді сайттар өте керек. Бұл қазіргі таңда Елбасының да, үкіметтің де ұстанып отырған саясаттарының бірі. Осы бағытта бір топ журналист, блогшылар біріге отырып, осы басылымды ашуды жөн көрдік», -дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, сайтта күнделікті жаңалықтар, сараптама материалдары, сұхбаттар беріліп отырылмақ. «Оқырмандар материалдарды бірден латын қарпіне де ауыстырып оқи алады. Сондай-ақ оқырмандардың өздеріне жаңалық қосу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар сайт материалдары бірнеше әлеуметтік желіге бірден жарияланып отырылады», - дейді Е. Албан.

Сонымен қатар, бас редактор жақын күндері шоу-бизнес, мәдениет саласына арналған «демалыс.kz» ақпараттық, танымдық порталын іске қосуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Ақпарат: http://www.inform.kz/kaz/article/2351679

0
0
1166

Твиттердегі көңіл күй... Настроение в Твиттер...

http://twitter.com/#!/sympaticus/status/37089507870384128

http://twitter.com/#!/sympaticus/status/37088685468037120

http://twitter.com/#!/sympaticus/status/37087515944947712

http://twitter.com/#!/urazova_/status/37089196258631680

http://twitter.com/#!/nurgeldy/status/37083766874710016

http://twitter.com/#!/Azamat_Isaeff/status/37058389750063104

0
0
407