Төрт дүркін әлем чемпионы
Илья Александрович Ильин әлем біріншілігінде төртінші рет әлем чемпионы атанды. Сайыста қазақстандық атлет 432 ұпай жинап (190+242) алтын медальді қанжығасына байлады. Ол өзбекстандық фаворит Руслан Нуриддиновтан (193+239) жеңісті жұлып алды десек те артық болмас. Ильинның салмағы Нуриддиновтан кем болып шықты. Ал үшінші орынды ресейлік Давид Бенджанян 427 ұпаймен иеленді. Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға соңғы болып шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты. Илья – қазақтың туын көкке желбіреткен еліміздің мақтанышы, олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008), (2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005), (2006), (2011), (2014). Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында да өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан…