Жас журналистер додасы Сыр елінде
20 сәуір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Шара оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Б.Ж. Әбдікәрімов сөзімен басталды. Ізінше, университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 13 ЖОО келген топтар таныстырылды. Атап айтатын болсақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және т.б. бар. Командаларды бағалауға журналистика саласының майтал…