ҚазҰУ-де «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы өтуде
Бүгін қасиетті қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университетінде жас журналистерге арналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты байқау өтуде. Жас журналистердің біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыстың қатысушыларға берері мол. Сайыстың шарттары нағыз журналистердің тәжірибесін шыңдайды.12 өңірдің намысын арқалап келген студенттер бірінші кезеңде журналистикаға байланысты тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», сондай-ақ «Ең үздік үнхабар» және «Ең үздік онлайн жазба» тақырыптары бойынша жарысқа түсуде. Команда мүшелері өздерін барлық қырынан көрсетуге тырысып бағуда. Тікелей эфирде радиохабар жүргізіп, оқиға орнында бірден онлайн жазбалар жариялау - болашақ журналистерге үлкен тәжірибе мектебі болары сөзсіз.Жыл сайын ұйы…