Facebook компаниясының «М» виртуалды көмекшіcі қалай жұмыс істейді?
Google сіздің достарыңыздың кім екенін, кіммен сөйлесетініңізді (чат арқылы), кімнің жаңалықтары сіз үшін маңызды екенін біле бермейді. Дәл солай Facebook те сіздің поштаңызда не бар екенін, сіздің нені іздейтініңізді (интернеттегі іздеу қызметі арқылы),Android телефоныңызда не болып жатқанын білмейді. Мүмкіншілігі өте көп екі алпауыт компания жеке адамға қызмет көрсету бойынша бір-бірінен осылайша қатты ерекшеленеді. Дәл осы қалпында бұлардың арасында үлкен бәсекелестік бар деп айтуға да болмайды.









