Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
Экологтар мен жастар жағажайларды қоқыстан тазартып жатыр
Бір күннің ішінде 10 тоннадан көп күл-қоқыс жиналды. Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні ақтөбелік Экологтар мен жастар қала маңындағы су қоймалары мен көлдердің жағасын тазалауға кірісті.
Еліміздегі баламалы және жаңартылатын энергияның үлесі ұлғаймақ
2030 жылға қарай Қазақстанның энергия қоржынындағы ЖЭК үлесі 30%-ға жетеді – ҚОҚМ
Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің энергия қоржынындағы баламалы және жаңартылмалы энергия көздері 30%-дан асады, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Қазақстанның ауасын тазалау үшін еуропалық стандарттар қолданылады
Қазақстанның ауасын тазалау үшін еуропалық стандарттар қолданылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшу жөніндегі Тұжырымдамасы бекітілді
Тұжырымдаманың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз
Экологиядағы үлесі үшін Министрдің Кубогына іздену конкурсының қорытындысы
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін (Эколог күні) мерекелеу аясында Министрлікпен экологиядағы үлесі үшін Министрдің Кубогына іздену конкурсы өткізілді.
С.Ахметов «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.Өз сөзінде «жасыл» экономикаға көшудің жаңа тұжырымдасын Мемлекет басшысы бекіткендігін атап өткен С.Ахметов: «Тұжырымдаманы жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары қажет. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне екі апталық мерзімде оны әзірлеп, Үкімет қарауына енгізуді тапсырамын. Ол нақты, түсінікті сипатта болуы тиіс»,- деді.
Дүниежүзілік Банктің нарықтық дайындығы жөніндегі серіктестік (PMR) хатшылығының 6-шы кездесуіне қазақстандық делегацияның қатысуы 2013 жылғы 27-28 мамыр, Барселона қ., Испания
2013 жылғы 27-29 мамырда Барселона қаласында (Испания) Дүниежүзілік Банктің нарықтық дайындығы жөніндегі серіктестік (PMR) хатшылығының 6-шы кездесуіне қазақстандық делегация құрамында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы