Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде балық шаруашылығын дамыту мәселелері қарастырылды
2014 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде Су ресурстары, орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесте қарастырылатын нақты ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді.
Қазақстан Республикасында алғаш рет Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің (ҚОСРМ) бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 10–15 наурызында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы «Парниктік газдар шығарындыларын халықаралық стандарттарға сәйкес ве
Құрметті табиғат пайдаланушылар! Парниктік газдар шығарындылары бар барлық кәсіпорындарға ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы есепті тапсыру қажеттілігі жөнінде ескертеміз
Құрметті табиғат пайдаланушылар! Парниктік газдар шығарындылары бар барлық кәсіпорындарға ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы есепті тапсыру қажеттілігі жөнінде ескертеміз. Квоталанатын кәсіпорындарға парниктік газдар шығарындыларына квота алу үшін құжаттарды ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсыну қажет, квота алу үшін өтініш бірден екі жылға – 2014-2015 жылдарға ұсынылады. Құжаттар құрамында талап етілетін түгендеу туралы есепті 2013 жылға қоса беру қажет.
Сырдың суы тасып, мал қырылып қалды
Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 15 ақпан күні Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары, «Охотзоопром» Өндірістік бірлестігінің инспекторлары және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясының өкілдері бірлесіп, заңсыз аңшылықтың алдын алу және фактілерін анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізді. Төретам кентінен солтүстікке қарай шамамен 15 километр жерде жүріп келе жатқан екі автокөлікті тоқтатты. Бір автокөлік тоқтамай, ізін суытып үлгерді. Тоқтатылған «Нива» маркалы автокөлікте Байқоңыр қаласының екі тұрғыны отырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік ішінен ақбөкенге ұқсас 4 атылған жануар табылды.
7-ші АЭФ барысында өтетін «Smart Green» бизнес-форумының панельдік сессиясына дайындық аясында онлайн-конференция өткізілді
2014 жылғы 13 ақпанда «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, отандық парниктік газдар шығарындыларына квота нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-конференцияны өткізді.
«2017 жылы өтетін көрмеден соң әлемнің келбеті өзгереді»
Ихтиологиялық қызметтің жұмысын толық жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес
2014 жылдың 13-14 ақпан күндері ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде бассейіндік балық шаруашылығы инспекцияларының ихтиологиялық қызметінің жұмысын толық жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңестің жұмысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков, ҚР ҚОСРМ Су ресурстары комитеті мен Қазақ балық шаруашалығының ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, сондай-ақ, аумақтық балық шаруашылығы инспекцияларының басшылары қатысты. 2014 жылдың 13-14 ақпан күндері ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде бассейіндік балық шаруашылығы инспекцияларының ихтиологиялық қызметінің жұмысын толық жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңестің жұмысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұса…
Браконьерді ұстау тұралы ақпарат
2014 жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысының Сырдария ауданы аумағындағы газ құбырының бойында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізіп жатқан жедел топтың инспекторлары «УАЗ» маркалы автокөлікті мінген облыс орталығының 2 тұрғынын тексерді.
Тексеру нәтижесінде 12 калибрлі «МР-153» маркалы мылтық, 7 оқ-дәрі, 4 атылған киік (3 аталық, 1 аналық) табылып, тәркіленді.