Brexit дегеніміз не, және оның себептері неде?
Биылғы жылдың ең маңызды және қызық мәселелерінің бірі – ол Ұлыбританияның Еуропа Одағынаң шығуы туралы өткізген референдумі, немесе Brexit. Бізге бәрімізге оның нәтижесі белгілі: 51.9% адам шығуға дауыс беріп, Ұлыбритания келе жатқан үш жылдың ішінде барлық документтерін дайындап, ЕО-ның бөлігі болмайтын болады. Ол тек қана дүниежүзілік политикаға ғана өте маңызды бола келмей, әр түрлі адамдардың көзқарастарын және ойларын зерттеуге өте пайдалы, өйткені референдум кезінде біраз қызық статистика жиналған еді. Бір қызық нәрсе – ол қандай адамдардың неге дауыс бергені. Саясаткерлердің бен жұлдыздардың көбісі Brexit-ке қарсы шығып, көптеп оған қарсы насихаттаған. Жалпыласақ, бай адамдардың тобы Еуропа Одағында қалуды өзіне тиімді санаған. Оған қарсы, көптеген сауалнамалар бойынша, ЕО-дан шығ…