Ақбота Орнықбаева: Рахмет саған борсықтың майы!

Ақбота өте үздік оқушы. Алайда, соңғы кездері Алматы қаласындағы ауа-райының қолайсыздығынан тұмауратып қалды. Мазасы қашып, төсек тартты. Сөйтіп емделудің жаңа әдісін қолданып, тез арада жазылып кетті. Ендеше, Ақботамен болған сұхбатымызды сіздерге ұсынамыз:
- Ақбота, ауырғанда қандай емді қолдандыңыз?
- Мен бірнеше күн ауырып, төсектен тұра алмадым. Тәтем борсық майымен емделу керектігімді айтып, оны алып кеп берді. Сосын оны сүтпен араластырып, күн сайын іше бастадым. Содан тез арада сауығып кеттім. Рахмет саған борсықтың майы!
Сұхбаттасқан Д.Аязбеков