Жаңа леп...
2013 жылдың 20 қаңтарынан бастап ювижнде тіркелгенімді көргеніме таң қалып отырмын. Бәлкім, ол кезде бұл блог қарапайым университеттің қарапайым 2-курс студентін қызықтырмаған болар. Бәлкім, айтарлықтай уақыт болмаған болар. Әйтеуір 3 жылда біраз нәрсе жазуға болатын еді. Мұндағы мақсат тек жазу емес, пайдалы, қызықты ойлармен бөлісу деп білемін. Себебі көзқарас, жеке пікір адамзаттың барлығына тән нәрсе ғой. Ал ол пікірлердің қаншалықты дұрыс, басқа адамға қаншалықты керегірек екені... Бір кездегі қарапайым студент қазір сол университетте қарапайым қызметкер. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Әр нәрседе позитив көргенді ұнатады. Өмірі де позитивке толы. Инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінің белсенді қолданушысы десем де болады. Бос уақытын "бос" өткізбеуге тырысады. Дос…