Мазмұнға өту
deptruda-sockst

deptruda-sockst

Сайтта 2017 ж. 28 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

1 914

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылу

1

Протездермен қамтамасыз ету



Оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 ж. №26 бұйрығында регламенттелген медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары әзірлейді, өзгерістер 22.03.2021 ж. күшіне енді.
1. Мүгедектер шино-былғары, құрамдастырылған протездермен, қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған протездермен, оларға бейімдемелермен, тістерге арналған тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, салма башмачкалармен, таяқтармен (бір тіреуішті, көп тіреуішті), балдақтармен (шынтақ, қолтық асты), жүргіштермен (дөңгелегі жоқ, дөңгелегі бар, жүретін, екі деңгейлі, білекке тіреуіші бар, қолтық тіреуіші бар, балалар церебральды сал ауруы бар мүгедек балалар үшін және т.б.) қамтамасыз етіледі.
2. Қолдың және аяқтың негізгі протезі берілгенге дейін көрсетілетін қызметті алушылар медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзімі 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер құрылғысы бар жұмыс протездерімен өздерінің қалауы бойынша бұйымның негізгі түрімен бір мезгілде қамтамасыз етіледі.
3. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейін, бірақ алынған күнінен бастап кемінде бір жылдан кейін ауыстырылады.
4. Қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінің құрамындағы құрастырушы түйіндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күннен бастап кемінде 3 жылдан, мүгедек балалар үшін – кемінде 2 жылдан кейін;
құрастырушы түйіндер мен электрондық тізе модулі бар бұйымдарды алмастыру, олар алынған күннен бастап кемінде 5 жылдан кейін жүргізіледі;
синтетикалық шайырлар негізінде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды алынған күннен бастап кемінде 1 жылдан кейін ауыстырылады;
кеуде безі протездерін, жетек арбаларды алынған күннен бастап кемінде 2 жылдан кейін, таяқшалар мен балдақтарды кемінде бір жылдан кейін жүргізіледі.
5. Аяқ немесе қолдың екі протезін (негізгі және қосалқы немесе негізгі және жұмыс протезі) бір мезгілде алған көрсетілетін қызметті алушылар оларды ауыстыру кемінде екі кию мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
6. Аяқ протездерін беру кезінде әрбір протезге жыл сайын 3 тыстан беріледі.
7. Кеуде қуысының протездері екі іш киіммен (бюстгалтер) беріледі.
8. Егер кию мерзімі өткеннен кейін протез жарамды жай-күйде болса және көрсетілетін қызметті алушылар келесі кию мерзімі өткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісі келмесе, оған осы кезеңге бір протезді пайдалану есебінен белгіленген санда тыстар беріледі.
9. Протездерді, оның ішінде жаңа модельдерін мерзімінен бұрын ауыстыру, сондай-ақ оларды кию мерзімін ұзарту, жөндеу туралы, шино-былғары протездерден құрастырмалы протездерге, жаңа (заманауи) технологиялар бойынша дайындалған электрондық модульдері бар протездерге өту туралы шешімді комиссия қабылдайды және өнім беруші жасайтын тиісті актінің негізінде жүргізіледі. Комиссия өнім берушінің кінәсінен бұйымның сапасыз жасалу фактісін анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

***

Обеспечение протезами.

Индивидуальная программа реабилитации далее (ИПР) разрабатывается специалистами отделов медико-социальной экспертизы, на основании медицинских показаний и противопоказаний которые регламентированы в Приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22.01.2015г №26, который с изменениями вступил в силу 22.03.2021г.
1. Инвалиды обеспечиваются шино-кожаными, комбинированными протезами, протезами, изготовленными по современным технологиям, приспособлениями к ним, чехлами на культи, ортопедическими аппаратами, вкладными башмачками, тростями (одноопорные, многоопорные), костылями (локтевые, подмышечные), ходунками (без колес, с колесами, шагающие, двухуровневые, с опорой на предплечье, с подмышечной опорой, для детей-инвалидов с детским церебральным параличем).
2. До выдачи основного протеза верхних и нижних конечностей, инвалиды обеспечиваются по медицинским показаниям учебно-тренировочными протезами со сроком ношения не более 6 месяцев.
Рабочими протезами с приспособлениями инвалиды обеспечиваются по их желанию одновременно с основным видом изделия.
3. Шино-кожаные, комбинированные протезы, ортопедические аппараты заменяются после того, как они пришли в негодность, но не ранее, чем через год со дня их получения.
4. Замена комплектующих узлов и изделий в составе протезов нижних и верхних конечностей, изготовленных по современной технологии, производится не ранее, чем через 3 года, для детей-инвалидов - не ранее, чем через 2 года со дня их получения;
замена комплектующих узлов и изделий с электронными коленными модулями производится не ранее, чем через 5 лет, со дня их получения;
косметическая облицовка, стопы, приемная гильза, изготовленные на основе синтетических смол, чехлы заменяются не ранее, чем через год со дня их получения;
замена протезов грудной железы, ходунков производится не ранее, чем через 2 года, тростей и костылей - не ранее, чем через год со дня их получения.
5. Инвалидам, получающим одновременно два протеза верхней или нижней конечности (основной и запасной или основной и рабочий), производится их замена не ранее, чем через два срока ношения.
6. При выдаче протезов ног к каждому протезу выдается по 3 чехла на культю ежегодно.
7. Протезы грудной железы выдаются с двумя комплектами белья (бюстгалтер).
8. Если по истечении срока ношения протез находится в пригодном состоянии, и услугополучатель не желает заказывать новый протез до истечения повторного срока ношения, то на этот период ему выдаются чехлы из расчета ношения одного протеза.
9. Решение о досрочной замене, а также продлении срока ношения, ремонте протезов, в том числе новых моделей, о переходе с шино-кожаных протезов на комбинированные протезы, протезы, изготовленные по новым (современным) технологиям, с электронными модулями принимается комиссионно и производится на основании соответствующего акта, составляемого поставщиком. При установлении комиссией факта некачественного изготовления изделия по вине поставщика, устранение брака осуществляется за счет его средств.

0
0
438

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) және Қазақстанның ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (бұдан әрі – ҚЕБҚ) онлайн-кездесу өткізді, онда тараптар Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелерін талқылап, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/256033...

***

Министерство труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН) и Европейская бизнес ассоциация Казахстана (далее – ЕвроБАК) провели онлайн-встречу, на которой стороны обсудили вопросы трудового и миграционного законодательства и заключили Меморандум о сотрудничестве.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/256033...

0
0
470

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды ...

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/255494...

***

По состоянию на 1 сентября т.г. участниками Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» стали 451,6 тыс. человек. 328,5 тыс. человек были трудоустроены, из них 200,7 тыс. – на постоянную работу.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/255494...

0
0
381

Ағымдағы жылдың басынан бастап 187 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы...

Ағымдағы жылдың басынан бастап 187 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 32,5 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 44 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 170 мың тапсырыс рәсімделді.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/254864...

***

С начала т.г. через Портал социальных услуг более 187 тыс. лиц с инвалидностью получили технические средства реабилитации, более 6 тыс. – услуги жестового языка, свыше 32,5 тыс. – услуги индивидуального помощника, порядка 44 тыс. – санаторно-курортное лечение. Также через Портал оформлено 170 тыс. заказов на гарантированные социальные пакеты.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/254864...

0
0
385

«Ұрпақтар келісімшарты» жұмысқа орналастыру бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдан бастап азаматтарды жұмыспен қамтудың «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарламаның мәні жұмыс беруші 6 айлық тағылымдамадан кейін зейнетке шығатын адам босататын орынға үміткерді жұмысқа қабылдайды.

Тағылымдама барысында үміткерге 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде жалақы төленеді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін жұмыс беруші босатылатын лауазымға сәйкес тұрақты жұмысқа үміткерді қабылдайды.

Қостанай облысы осы бағдарлама іске асырылатын облыстар тізіміне кіреді. Жыл басынан бері облыс бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша 39 адам жұмысқа орналастырылды.

Толық ақпарат алу үшін Сіз өз аймағыңыздағы жұмыспен қамту орталығына жүгіне аласыз.

***

В рамках государственной программы продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 -2021 годы «Еңбек» с 2020 года реализуется программа трудоустройства граждан «Контракт поколений».

Суть данной программы заключается в том, что работодатель принимает на работу претендента, который после 6-ти месячной стажировки занимает место, освобождаемое лицом, выходящего на пенсию.

В течении стажировки, претенденту оплачивается заработная плата в размере 20 МРП (58 340 тенге). После окончания стажировки, работодатель принимает претендента на постоянную работу согласно освобождаемой должности.

Костанайская область входит в список областей, в которых реализуется данная программа. С начала текущего года, по области по проекту «Контракт поколений» направлено на трудоустройство 39 человек.

За более подробной информацией, Вы можете обратиться в Центр занятости населения своего региона.

0
0
567

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа шынайылық ...

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа шынайылық жағдайындағы даму» атты алғашқы ұлттық баяндаманы дайындады. Онда жаһандық трендтер, ағымдағы сын-қатерлер, экономикада және еңбек нарығында болып жатқан, оның ішінде covid-19 пандемиясының әсерінен болған өзгерістер, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау туралы өзекті ақпарат жинақталған, кадрлардың болашақ бәсекеге қабілеттілігі үшін негізгі факторлар айқындалған.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/254450...

***

Аналитики АО «Центр развития трудовых ресурсов» подготовили первый Национальный доклад «Рынок труда Казахстана: развитие в условиях новой реальности». В нем собрана актуальная информация о глобальных трендах, текущих вызовах, происходящих изменениях в экономике и на рынке труда, в том числе под влиянием пандемии COVID-19, государственной поддержке в сфере занятости, определены ключевые факторы для будущей конкурентоспособности кадров.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/254450...

0
0
304

Мүгедек адамдарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету

Департамент облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қарттар мен мүгедек адамдарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселесін тұрақты негізде бақылайды.
Бүгінгі күні облыстағы стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелер саны-11, өз қызметтерімен 1787 адам қамтылған.
Департаментпен "Рудный №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің қызметінде жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижесінде психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға құқықтар қалпына келтіріліп, әлеуметтік қорғау көрсетілді.
Осылайша, қызмет алушы В-ға көпфункционалды кресло-арбамен қамтамасыз ету мақсатында оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуге көмек көрсетілді. Көрсетілетін қызметті алушы К. қажетті оңалту құралын (жүріс арбасы) анықтау мақсатында дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтті.
Сондай-ақ, Орталық іш киім, киім, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялаған жоқ. Қазіргі уақытта Орталық камералық дезинфекция, жұмсақ мүкәммалды бу-ауа дезинфекциялауы түрінде санитариялық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шарт жасады.
Бұдан басқа, тексеру арқылы Орталық ғимаратын мүгедек адамдар үшін кедергісіз қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс нормалары мен қағидаларын бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі күні Орталық бейімдеу іс - шараларын жүргізуде-шарттар жасалды, жұмыстар жүргізілуде.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

***


Департаментом на постоянной основе контролируется вопрос предоставления медико-социальными учреждениями области специальных социальных услуг престарелым и лицам с инвалидностью.
На сегодняшний день количество стационарных медико-социальных учреждений в области -11, своими услугами охватывают -1787 человек.
В результате проведенного Департаментом государственного контроля в деятельности КГУ «Рудненский центр оказания специальных социальных услуг № 2» были восстановлены права и оказана социальная защита лицам с психоневрологическими заболеваниями.
Так, получателю услуг В оказано содействие в разработке индивидуальной программы реабилитации с целью обеспечения кресло-коляской многофункциональной. Услугополучатель К. прошел обследование врачебно-консультативной комиссии с целью определения необходимого средства реабилитации (ходунки).
Так же, Центром не проводилась дезинфекция нательного белья, одежды, постельных принадлежностей. В настоящее время Центром заключен договор по обеспечению санитарными услугами в виде камерной дезинфекции, паровоздушной дезинфекции мягкого инвентаря.
Кроме того, проверкой выявлены нарушения строительных норм и правил по обеспечению здания Центра беспрепятственным доступом для лиц с инвалидностью. На сегодняшний день Центром ведутся адаптационные мероприятия - заключены договора, проводятся работы.
Работа по устранению выявленных нарушений продолжается.

0
0
387

2021 жылдың қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд ...

2021 жылдың қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/253454...

***

С января по август 2021 года из республиканского бюджета на выплату базовой пенсии было направлено порядка 547 млрд тенге, солидарных пенсионных выплат – 1 трлн 236,7 млрд тенге.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/253454...

0
0
322

Сарыкөл ауданы объектілерінің ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділік мәніне ...

Сарыкөл ауданы объектілерінің ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділік мәніне мониторинг жүргізу

8 қыркүйекте Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімдеуге жататын нысандарды аралады. Сарыкөл ауданында 2021 жылға халықтың қауқары аз топтары үшін 32 объект бейімделуге жатады. Тұтастай алғанда, қолжетімділік мониторингі, оны бақылау халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының да, сол сияқты атқарушы билік органдарының да жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік деңгейін арттырудың, алынған міндеттемелер мен олардың орындалуы туралы халықты хабардар етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Осы жұмыстардың жүзеге асырылуын бақылау Департаментке жүктелген.

"Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 84, 85-тармақтарын орындау шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдарға 2021 жылға арналған бейімдеу жоспарына енген нысандарды бейімдеуді тапсырды. Осы жұмысты бақылау мақсатында Департамент басшысы облыстық мәслихат депутаты А. Ж. Дабыловпен бірлесіп Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, Сорочин ауылдық округінің әкімдігі, БЖСМ және басқа да объектілерге мониторинг жүргізілді.

Департамент басшысы Сарыкөл ауданының әкімімен, сондай-ақ ведомствоаралық топпен кездесуде аудан әкімдігінің объектілерді бейімдеу бойынша қанағаттанарлықсыз жұмысын атап өтті.

Ведомствоаралық топқа тиісті тапсырмалар және қолжетімді орта құру мәселесі бойынша одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсынымдар берілді.

***

8 сентября в ходе рабочей поездки в Сарыкольский район руководитель Департамента Муратбеков М. Т. посетил объекты, подлежащие адаптации для лиц с особыми потребностями в текущем году. В Сарыкольском районе на 2021 год, подлежит адаптации для маломобильных групп населения - 32 объекта. В целом мониторинг, контроль доступности являются одним из основных инструментов защиты прав маломобильных групп населения на доступность социальной инфраструктуры, повышение уровня ответственности как организаций социальной инфраструктуры, так и органов исполнительной власти за результаты работ, информированность населения о взятых обязательствах и их выполнении. Контроль за осуществлением всей этой работой возложен на Департамент.

В рамках исполнения пунктов 84,85 Дорожной карты по реализации предвыборной программы партии Nur Otan «Путь перемен: достойную жизнь каждому!» Министерством труда и социальной защиты населения РК местным исполнительным органам было поручено провести адаптацию объектов, вошедших в План адаптации на 2021 год. С целью контроля данной работы руководителем Департамента совместно с депутатом областного  маслихата Дабыловым А.Ж. были промониторены отдел занятости и социальных программ Сарыкольского района, Управление государственных доходов, акимат Сорочинского сельского округа, ДЮСШ и прочие объекты.

Руководитель Департамента на встрече с акимом Сарыкольского района, а также с межведомственной группой отметил неудовлетворительную работу акимата района по адаптации объектов.

Были даны соответствующие поручения межведомственной группе и рекомендации по дальнейшей работе по вопросу создания доступной среды.

0
0
443

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 ...

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 кәсіпорнында 17,7 мың жұмыскердің алдында 3,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 675 нұсқама беріліп, 77,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,8 млрд теңге төленді.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/245116...

***

По состоянию на 1 августа т.г. государственными инспекторами труда в 632 предприятиях республики выявлена задолженность по заработной плате перед 17,7 тыс. работниками на сумму более 3,9 млрд тенге.
Руководителям данных предприятий было выдано 675 предписаний, обязательных для исполнения, и наложено штрафов на сумму более 77,4 млн тенге.
В результате принятых мер, в том числе установления жестких графиков и сроков погашения задолженности по заработной плате, защищены права более 16,9 тыс. работников. Им выплачено 3,8 млрд тенге.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/245116...

0
0
429