Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедек адамдарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету

Департамент облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қарттар мен мүгедек адамдарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселесін тұрақты негізде бақылайды. Бүгінгі күні облыстағы стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелер саны-11, өз қызметтерімен 1787 адам қамтылған. Департаментпен "Рудный №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің қызметінде жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижесінде психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға құқықтар қалпына келтіріліп, әлеуметтік қорғау көрсетілді. Осылайша, қызмет алушы В-ға көпфункционалды кресло-арбамен қамтамасыз ету мақсатында оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуге көмек көрсетілді. Көрсетілетін қызметті алушы К. қажетті оңалту құралын (жүріс арбасы) анықтау мақсатында дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтті. Сондай-ақ, Орталық іш киім, киім, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялаған жоқ. Қазіргі уақытта Орталық камералық дезинфекция, жұмсақ мүкәммалды бу-ауа дезинфекциялауы түрінде санитариялық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шарт жасады. Бұдан басқа, тексеру арқылы Орталық ғимаратын мүгедек адамдар үшін кедергісіз қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс нормалары мен қағидаларын бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі күні Орталық бейімдеу іс - шараларын жүргізуде-шарттар жасалды, жұмыстар жүргізілуде. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда. *** Департаментом на постоянной основе контролируется вопрос предоставления медико-социальными учреждениями области специальных социальных услуг престарелым и лицам с инвалидностью. На сегодняшний день количество стационарных медико-социальных учреждений в области -11, своими услугами охватывают -1787 человек. В результате проведенного Департаментом государственного контроля в деятельности КГУ «Рудненский центр оказания специальных социальных услуг № 2» были восстановлены права и оказана социальная защита лицам с психоневрологическими заболеваниями. Так, получателю услуг В оказано содействие в разработке индивидуальной программы реабилитации с целью обеспечения кресло-коляской многофункциональной. Услугополучатель К. прошел обследование врачебно-консультативной комиссии с целью определения необходимого средства реабилитации (ходунки). Так же, Центром не проводилась дезинфекция нательного белья, одежды, постельных принадлежностей. В настоящее время Центром заключен договор по обеспечению санитарными услугами в виде камерной дезинфекции, паровоздушной дезинфекции мягкого инвентаря. Кроме того, проверкой выявлены нарушения строительных норм и правил по обеспечению здания Центра беспрепятственным доступом для лиц с инвалидностью. На сегодняшний день Центром ведутся адаптационные мероприятия - заключены договора, проводятся работы. Работа по устранению выявленных нарушений продолжается.

0
0
333

Осы тақырып бойынша