55 мыңнан астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды
2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 млрд теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлемдер алды.Кейбір азаматтар МӘСҚ-дан бірден бірнеше төлем түрлерін алатындығын айта кету керек.Осылайша, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем сомасы 6,3 млрд теңгені (төлемдердің жалпы көлемінің 4,9%), еңбек қабілетінен айырылған жағдайда – 9,1 млрд теңгені (7%), жұмысынан айырылған жағдайда – 2,9 млрд теңгені (2,3%), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – 52,1 млрд теңгені (40,1%), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда – 59,5 млрд теңгені (45,8%) құрады.Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап ал…