Еңбекмині зейнетақыны SMS арқылы тағайындай бастады
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, SMS-хабарлама арқылы зейнетақы тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
SMS арқылы зейнетақы тағайындауға көшу 2020 жылға дейін Еңбекмині қызметтерінің 90%-ын цифрлық форматқа көшірудің келесі кезеңі болып табылады. Бүгінгі таңда пилоттық жоба «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерін қамтиды, оның ішінде 2 қызметкер зейнетақыны sms арқылы ресімдей алды.
Проактивті зейнетақы тағайындау процесі өте қарапайым. Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін қызмет алушыға зейнеткерлік жасқа толғаннан 10 күн бұрын осы қызметті ресімдеу туралы ұсыныспен sms-хабарлама келеді. Бұдан әрі банк шотының нөмірін растау қажет, содан кейін зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты төлемдерді жүзеге асыруға өтінімді қабылдау туралы sms келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Еңбекмині зейнетақы тағайындау қызметін кешенді форматқа көшірген болатын. Яғни, 3 әлеуметтік жәрдемақы (қарттық, мемлекеттік базалық зейнетақы және БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы) мен мемлекет кепілдікті алу үшін болашақ зейнеткерлер халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді, онда олар тек 1 өтініш жазады. Нәтижесінде барлық зейнетақы төлемдері зейнеткердің бір шотына бір мезгілде аударылады.
Минтруд стал назначать пенсию через sms
В целях улучшения качества госуслуг в рамках реализации госпрограммы «Цифровой Казахстан» Министерство труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН РК) совместно с Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК запустили пилотный проект по назначению пенсии через sms-сообщения.
Переход на назначение пенсии через sms является очередным этапом процесса перевода 90% услуг МТСЗН РК в цифровой формат к 2020 году. На сегодняшний день пилотным проектом охвачены работники Госкорпорации «Правительство для граждан», две сотрудницы которой уже смогли оформить пенсию через sms.
Процесс проактивного назначения пенсии очень прост. В рамках пилотного проекта за 10 дней до достижения пенсионного возраста услугополучателю приходит sms-сообщение с предложением оформить эту услугу. Далее необходимо подтвердить номер банковского счета, после чего придет sms о принятии заявки на осуществление выплат в связи с достижением пенсионного возраста.
Напоминаем, что в 2018 году МТСЗН РК перевело услугу по назначению пенсии в комплексный формат. То есть, для получения 3 социальных выплат (пенсия по возрасту, государственная базовая пенсия и пенсия из ЕНПФ) и государственной гарантии будущие пенсионеры обращаются в одну инстанцию, где пишут всего одно заявление. В результате все пенсионные выплаты перечисляются на один банковский счет пенсионера одновременно.
