ҚР Еңбекминінің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар семинарларды іске қосты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар семинарларды іске қосты. Қараша айының соңына дейін олар еліміздің әр өңірінде өтеді.Бірінші семинар Қарағанды қаласында өткізілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҮЕҰ өкілдері және кәсіпкерлер кірді, онда мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ерекшеліктері талқыланды.. Іс-шара барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары егжей-тегжейлі қаралды, кәсіптік оқыту мен өз ісін ашуға арналған мүмкіндіктерге ерекше назар ауда…