Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұр-Сұлтанда міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның астанасында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік аннуитеттік компания және Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.

Семинарды ашқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Бұл диалог алаңы әр түрлі елдердің сарапшыларына жаһандану жағдайында және халықтың өсіп келе жатқан үміттері жағдайында әлеуметтік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

«Әлемдік әлеуметтік-экономикалық процестерге белсенді қатыса отырып, Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды. Бізге жаһандану, әлемдік дамудың тұрақсыздығы, халықтың қартаюы және әлеуметтік қамсыздандырудағы технологиялық қиындықтар әсер етеді. Мұның барлығы объективті түрде әлеуметтік даму моделін жетілдіруді талап етеді. Семинарды өткізудің басты мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы озық тәжірибе мен біліммен алмасу деп санаймын. Семинар сессияларының өзекті тақырыптары бойынша жасаған баяндамаларыңыз барлық қатысушыларға пайдалы болады және олардың біздің елдеріміздің әлеуметтік қамсыздандыру институттарының практикалық қызметінде қолдана алады деп сенемін», – деді ол.

Семинар аясында екі панельдік сессия ұйымдастырылды. Біріншісі әлеуметтік қамсыздандыруды, оның ішінде әлеуметтік сақтандыруды дамытуда инновациялық тәсілдерді енгізуге арналды.

 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Алмас Құрманов өз сөзінде қатысушылардың назарын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік сақтандыруды дамытуға аударды.

«2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы байланысты нығайтуды тапсырды. Осыған орай жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасы әзірленді, ол қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда. Заң жобасында еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралды. Бұл төлемдерді орта есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді», – деді Құрманов.

Өз кезегінде Грузия, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген қонақтар әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің өз республикаларында қалай дамып келе жатқандығы туралы айтып берді.

Екінші панельдік сессияда қатысушылар әлеуметтік саланың қаржылық ағынын шоғырландыру мәселелерін талқылады.

«ӨСК» мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалым Әмірқожаев өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев «Әлеуметтік облигациялар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырудың жаңа формасы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Ресей Федерациясының Зейнетақы қорының өкілі Елена Петина қатысушылармен «Мүгедектердің федералды тізілімі» және «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйелерін құру тәжірибесімен бөлісті.

Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар талқылаудың өзектілігін атап өтті және іс-шара ұйымдастырушыларына әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Вопросы развития обязательного социального страхования обсудили в Нур-Султане.

В столице Казахстана прошел республиканский семинар «Обязательное социальное страхование в условиях модернизации социальной защиты населения», где казахстанские эксперты и соцработники совместно с коллегами из России, Грузии, Азербайджана, Кыргызстана и Таджикистана обсудили перспективы развития соцстрахования.

В мероприятии, организованном Министерством труда и социальной защиты населения РК и Государственным фондом социального страхования, также приняли участие представители Администрации Президента РК, депутаты Парламента РК, Единого накопительного пенсионного фонда, Фонда социального медицинского страхования, Государственной аннуитетной компании и Международного финансового центра «Астана».

Открывая работу семинара, вице-министр труда и социальной защиты населения РК Акмади Сарбасов, отметил, что эта диалоговая площадка позволит экспертам из разных стран обсудить актуальные вопросы социального обеспечения в условиях глобализации и растущих ожиданий населения.

«Будучи активно вовлеченным в мировые социально-экономические процессы, Казахстан не может оставаться в стороне от мировых тенденций. Нас также затрагивают глобализация, растущая неустойчивость мирового развития, старение населения, технологические вызовы времени в социальном обеспечении. Все это объективно требует совершенствования модели социального развития. Считаю, что главная цель проведения семинара заключается в обмене передовым опытом и знаниями в сфере социальной защиты населения. Надеюсь, что ваши выступления по актуальным темам сессий семинара будут полезны всем участникам и найдут свое применение в практической деятельности институтов социального обеспечения наших стран», – сказал он.

В рамках семинара было организовано две панельных сессии. Первая была посвящена внедрению инновационных подходов в развитии социального обеспечения, в том числе социального страхования.

В своем выступлении генеральный директор АО «Государственный фонд социального страхования» Алмас Курманов акцентировал внимание участников мероприятия на развитии соцстрахования в условиях модернизации системы социальной защиты населения.

«В Послании народу Казахстана от 10 января 2018 года Нурсултан Абишевич Назарбаев поручил усилить взаимосвязь между стажем участия в системе обязательного соцстрахования и размерами соцвыплат. В связи с этим был разработан законопроект «Об обязательном социальном страховании» в новой редакции, который сейчас находится на рассмотрении Мажилиса Парламента. В законопроекте пересмотрены параметры, которые используются при назначении социальных выплат по утрате трудоспособности, потере кормильца и потере работы. Это позволит увеличить данные выплаты в среднем на 30%», – сообщил Курманов.

В свою очередь гости из Грузии, Кыргызстана и Таджикистана рассказали, как системы социального страхования развиваются в их республиках.

На второй панельной сессии участники мероприятия обсудили вопросы консолидации финансовых потоков социальной сферы.

Председатель правления АО «КСЖ «Государственная аннуитетная компания» Галым Амерходжаев рассказал о необходимости обязательного страхования работников от несчастных случаев при исполнении ими трудовых обязанностей.

Управляющий директор Международного финансового центра «Астана» Айдар Казыбаев сделал доклад на тему «Социальны облигации как новая форма финансирования социально значимых проектов».

Представитель Пенсионного фонда Российской Федерации Елена Петина поделилась с участниками опытом создания информационных систем «Федеральный реестр инвалидов» и «Единая государственная информационная система социального обеспечения».

Подводя итоги семинара, его участники отметили актуальность прошедшей дискуссии и поблагодарили организаторов мероприятия за предоставленную возможность обменяться опытом по вопросам развития системы соцстрахования.

Подробнее https://www.enbek.gov.kz/ru/node/364640

0
0
296

Осы тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды - Yvision.kz