Әдеп жөніндегі уәкіл дөңгелек үстелге қатысты
20.12.2019 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ұйымдастырған, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб: зерттеу нәтижелері және презентациялар» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел отырысына Қостанай қ. мемлекеттік органдардың кадр қызметтері, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар ЭЫДҰ-ның "Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформасы: ЭЫДҰ елдерімен салыстырмалы талдау" шолуының жобасын талқылады. Бұл зерттеу Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың қатысуымен жүргізі…

