Мазмұнға өту
danchigabana

Dana Orazbay

@danchigabana

Сайтта 2011 ж. 5 ақпанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

46

пікірлер

59

тіркелуші

26

жазылымдар

30

Агент, мені үйге жіберші

Қазіргі уақытта mail.ru қызметіне жүгінбейтін интернет қолданушылар жоқтың қасы. Әсіресе, жастар арасында «агентшілердің» қатары қарқындап артуда. Компьютерді қойып, ұялы телефонға дейін еніп алған бұл байланыс құралының тиімділігі айтпаса да түсінікті. Алайда, 2003 жылы mail.ru компаниясының хабарласуға оңтайлы болу үшін ойлап тапқан байланыс құралы бүгінде жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олай деудің себебі, агентте әңгіме айт деп әңгіме іздеп, не жаңалық деп жаңалық сұрап, азаннан қара кешке дейін қара сөздің қаймағын сапырып отыратындардың қарасы көп қазір. Жастардың көбі агентпен «ауыратын» болды. Жұмыста да, жолда да, тіпті тамақ ішіп отырса да, агенттен шықпайтындар жетерлік. Итпен іздеп, жер-көкті шарлаған адамыңды қазір агенттен оңай табасың. Мұндағы әрбі…

0
1
731

НАОМИ КЭМПБЕЛдің ноутбугі

Аpple компаниясының MacBook Air 11-дюймдік ноутбугі.

Бұл ноутбуктардың соңғы модельдерінің қалыңдығы - 1.7 см, салмағы шамамен - 1 кг. Apple корпорациясының айтуы бойынша,олардың ноутбугі қалыңдығынан әлемдегі ең жіңішке ноутбук, алайда жұрттың көбі сол сөзбен мүлдем келіспейді.11-дюймдік MacBook Air соңғы моделі Гб - қа жететін флеш - жадын мен Face Time камерасымен жабдықталған.128

0
0
568

Арман десең арман...

Apple фирмасының iPad планшеттік компьютері. 
Интернетке шығу мүмкіндігі бар планшеттік компьютерлер алғаш рет 2000 жылдары пайда бола бастады, бірақ 2010 жылдың 3-ші сәуір күні  Нью - Йорк қаласында шыққан iPad, танымалдығы жағынан бүкіл рекордтарды асып өтті. Алғашқы шығарылудан 80 күн өткеннен - ақ IPad - тың нарықта 3 миллиондай құрылғысы сатып үлгерілді.

0
2
456

Достарымның назарына!!!

Вирустың жаңа түрі ұялы телефон тұтынушыларына қауіп төндіріп отыр. Бұл жолы зиянды бағдарламалар ұялы телефон байланысын пайдаланушылардың есепшоттарынан ақша «ұрлайтын» көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа вирус тек смартфондарға ғана емес, Java платформалары негізінде жұмыс істейтін қарапайым ұялы телефондарға да қатер төндіріп отыр. Сіз байқамай Интернеттен «бұзық» бағдарламаны көшіріп алсаңыз, «шаруаңыз бітті» дей беріңіз. Мамандардың берер бір ғана кеңесі - телефоныңызға белгісіз файлдарды көшірмеу. Сол себептен, абай болыңыздар. Міндетті түрде ұялы телефондарыңызға антивирус бағдарламасын орнатып алыңыздар.

0
0
372

ARTA Tablet планшеттік компьютері

2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады. Осыған орай бүгін елордада Қазақстанда жасалған алғашқы планшеттің таныстырылымы өтті. «ARTA» планшет шығаратын 4 компанияның бірі. Біз дизайнын жасап, өзіміміздің операциялық жүйемізді құрдық. Таяу үш ай аралығында өзіміздің негізгі өнімдерімізді планшетке енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның басты ерекшелігі IPad-пен бәсекелес болу емес. Өйткені IPad жеке пайдалану және көңіл көтеруге арналған болса, бұл өнім қажетті ақпарат әрқашан қолыңда болуы, яғни жұмыс үшін арналған», - дейді аталған компанияның бас директоры Болат Башеев. Оның атап өтуінше, компания планшеттің дизайны мен сызбасын әзірлеп, Ресей мен Қытай зауыттарына тапсырыс береді. Содан кейін ғана өнімді елімізде құрастырып, оған өз…

0
4
389

Google-дың жаңа браузері

Бәріне сәлем! Сіздермен бір жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Google Inc. корпорациясы Google Chrome уеб-шолғышының (браузер) Chrome 9 нұсқасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұған дейін тестік режимде тексеріліп келген жаңа Хром енді сіз үшін де қолжетімді болды. Броузердің ең басты үш ерекшелі бар. Олар: WebGL технологиясы, Chrome Instant функциясы, Chrome Web Store қосымшалар топтамасы. WebGL технологиясы аппратты-үдетілген 3D графикаларды (3D суреттер) уеб-шолғышыңызда ешқандай қосымша плагиннің көмегенсіз-ақ көруге мүмкіндік береді. Chrome Instant функциясы уеб-шолғыштың сайт адресін (URL) жазатын жолағында қажетті сайттың URL-ін жазып жатқанда оған дейін көп пайдаланылған сайтыңыз болса, бірден сол сайттың URL-ін көрсетіп тұрады. Егер бір емес бірнеше сайт болса, олардың барлығын көрсетеді…

0
0
468