Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Google-дың жаңа браузері

 

Бәріне сәлем! Сіздермен бір жаңалықпен бөліскім келіп тұр.

Google Inc. корпорациясы Google Chrome уеб-шолғышының (браузер) Chrome 9 нұсқасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұған дейін тестік режимде тексеріліп келген жаңа Хром енді сіз үшін де қолжетімді болды. Броузердің ең басты үш ерекшелі бар. Олар: WebGL технологиясы, Chrome Instant функциясы, Chrome Web Store қосымшалар топтамасы.

WebGL технологиясы аппратты-үдетілген 3D графикаларды (3D суреттер) уеб-шолғышыңызда ешқандай қосымша плагиннің көмегенсіз-ақ көруге мүмкіндік береді.

Chrome Instant функциясы уеб-шолғыштың сайт адресін (URL) жазатын жолағында қажетті сайттың URL-ін жазып жатқанда оған дейін көп пайдаланылған сайтыңыз болса, бірден сол сайттың URL-ін көрсетіп тұрады. Егер бір емес бірнеше сайт болса, олардың барлығын көрсетеді.

Chrome Instant функциясы тек Chrome 9 уеб-шолғышында емес бұрынғы нұсқаларында да болған еді.

Chrome Web Store қосымшалар топтамасы (Apps, themes, extensions) уеб-шолғыш тұтынушыларына (қазірше тек АҚШ тұрғындарына) саналуан қосымшаларды ұсынады. Сондай-ақ, Интернет-дүкендермен үндескен (интеграцияланған) қосымшалар бар. Интернет-дүкендердің сайтына барғанда қарапайым түрдегі екі қосымша іске қосылады. Егер оларды пайдаланбасаңыз, бірнеше секундтардан соң уеб-шолғыштан өздері автоматты түрде көрінбей қалады.


0
0
475

Осы тақырып бойынша

Google-дың жаңа браузері - Yvision.kz