Таухид улуһия-дәлелдері және маңыздылығы
بسم الله الرحمن الرحي Таухид Улуһия арап тілінде (Иләһ) деген есімнен алынған. Оның мағынасы: "Оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын тәңір"-дегенді білдіреді. Бұл Аллаһтың көркем есімдерінің бірі. Ал Улуһия Аллаһтың сипаттарының біріне жатады. Демек Аллаһ — оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын Раббы. Сондықтан Аллаһқа ғана құлшылық ету және оған бойұсыну уәжіп болады. Өйткені Раббың Аллаһ сені және бүкіл әлемді, ондағы барлық жаңды және жансыз нәрселерді жаратқан. Бізге өзінің шексіз нығметтерін төккен. Сондай-ақ Аллаһ бүкіл әлемдегі істерді басқарады. Оның қалуынсыз еш-нәрсе болмайды, ал ол қалаған нәрсе міндетті түрде болады. Сонымен қатар Аллаһ барлық көркем сипаттар иесі және кез-келген кемшілік пен айыптан пәк. Сондықтан құлшылық осының барлығы оның қолында болған Раббымыз А…