«Nur Otan» партиясы» Бөкей ордасы аудандық Саяси кеңесінің отырысы өтті.
Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оған саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен аудандық филиал қызметкерлері қатысты.-Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезі өткізіліп, онда партия төрағасы болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған болатын. Өз сөзінде Қ.Тоқаев партияның жұмысын жақсарту бойынша нақты мақсаттарды айқындап, осы бағытта партияны жаңғырту қажеттілігіне тоқталды. Осы орайда бізге атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру және ауқымды да күрделі міндеттерді іске асыру бойынша шар…