Комиссия отырысы өтті.
"AMANAT " партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өтті. Отырысқа Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы А.Сагитов,өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысында Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы округ әкімі Н. Кереш онлайн арқылы хабарлама жасады. "Ақжайық " адалдық алаңы жобалық кеңсесінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат депутаты, Жастар ресурстық орталығының басшысы, "Ақжайық "адалдық алаңы жобалық кеңсесінің кураторы Р.Құрманғазиев баяндады…