Жол қалпына келтірілді.
Құрметті жерлестер!Елімізде орын алған жағдай тұрақталып келеді. Алайда, ауа-райының тосын мінезі аудан тұрғындарын біраз әбігерге салып келеді. Соның бірі жол мәселесі. Бүгін мен "Nur Otan" партиясының аудандық фракциясы төрағасы, аудандық мәслихат депутаты ретінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуовпен бірге республикалық маңызы бар "Өнеге-Бисен-Сайқын" жолының "Қараағаш" деп аталып кеткен нүктесіндегі айналма жолды жай-күйін көруге бардым. Өздеріңіз білесіздер, осы бір нүкте әлеуметтік желіде де көптеп талқыланып келеді. Күні кеше ғана еріген қар, оған қосылған жаңбыр суы айналма жолды толтырған болатын. Су - тіршілік көзі. Жалпы, соңғы жылдары жаңбырдың жаууы азайып, қуаңшылық жайлаған өлкеге судың көп түс…