Балалар автобусының қауіпсіздігі
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөліміне қарасты жатақханасы бар 4 орта мектептің балаларына бекітілген кестеге сай (2 аптада 1 мәрте) тасымалдау жүзеге асырылады. Атап айтар болсақ, М.Мәметова атындағы ЖОБММ жатақханасынан "Сайқын-Шоңай" бағыты 36 шқ; "Сайқын-Жәрмеңке" бағыты 25 шақ, Жәңгір хан атындағы ЖОББМ жатақханасынан "Хан ордасы-Сейтқали" бағыты 18шқ; "Хан ордасы-Қарасу" бағыты 7шқ; "Хан ордасы-Үштерек" бағыты 30шқ, А.Құсайынов атындағы ЖОББМ жатақханасынан "Мұратсай-Тайғара" бағыты 17шқ, Б.Жәнекешев атындағы ЖОББМ жатақханасынан "Бисен-Жиекқұм-Жамбыл-Жетібай" бағыты 65 шқ. бойынша тасымалданады.
Барлық бағытқа тасымалдау Уаз-220069-333 автокөліктері арқылы жүзеге асырылады. Автокөліктер 12.03.2021 жылы тексерістен өткен. Тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
