Жер сілкінісі
Мамырдың бірінші және екінші жұлдызында болған жер сілкіністері Алматы тұрғындарын әбігерге салды. Осының өзі-ақ қала тұрғындары мен төтеншеліктердің төтенше жағдайға дайын емес екенін анық көрсетті. Жапониядағы жағдайды еске алмай-ақ қояйық. Алда-жалда олай бола қалса зардабын болжау мүлде сүмкін емес. Ендеше жайшылықта дайындығымызды үнемі тексеріп, оқу-жаттығу жиындарына қатысып тұру (әрине төтеншеліктер тұрғындар арасында өткізсе) керек. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өт…