«Wikimania 2013» дуниежүзілік Wikipedia ғылыми конференциясы ( Қытай , Гонконг)
Wikimania Hong Kong 2013 7-11August Conference.( Конференция ) 1- күн. Біз ұшақтамыз.Қытайдың қиыр нүктесі болып табылатын Гонконг қаласына қонуға санаулы секундтарқалды. Әрқайсысымыздың бойымызда ерекше бір толқыныс сезімі орын алды. Көп ұзамай Гонконг әуежайына келіп қондық.Жүктерімізді жинаған соң , қаладағы белгілі «Holiday Inn» қонақ үйіне келіп орналастық. Сағат тілі сыртылдап кете барады. Ал біз шыны керек конференцияға кешігіп бардық . Конференция «Гонконг Полетехникалық университетінде» болды. Әрбір елден жиналған шетелдік Wikipedia жанкүйерлерін көргенде өте қатты таңғалдық . Біраз жүрек жалғап алғаннан кейін , организаторларға барып регистрация жасадық . Қытай организаторлары бізге арнайы конференция сөмкесін ұсынды. Оның ішінде арнаулы футболка , беджик және сессиялар жоспары…