Алматы облысында BMW X5 көлігі тұрғын үйдің шатырына құлады
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 мамырға қараған түні Іле ауданы, Боралдай ауылы, Аэродромная көшесінде орын алған.
«29 жастағы жергілікті тұрғын BMW X5 көлігін айдаған рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, жер үйдің шатырына құлаған. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген», – делінген хабарламада.
Апаттан дене жарақатын алған жүргізуші, ауруханаға жатудан бас тартты. Одан бөлек зардап шеккендер жоқ.
Полиция өкілінің берген ақпараты бойынша, кұлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Көлік тізгіндеген жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылады.