Перейти к содержимому
atyrau.obl.nurotankz

Атырау облысының филиалы

@atyrau.obl.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 23 қарашаКазахстан

"Nur Otan" партиясының Атырау облысындағы ресми филиалы

рейтинг

250

жазбалар

107

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

8

Атырау облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Н.Ожаев мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесті

16 желтоқсан күні, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлыбек Ожаев мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесіп, егемендік тақырыбында әңгіме қозғады. Ол өз сөзінде тәуелсіз елдің ұландарына: «Егемендік алу жолында қаншама соғыс болды, қанша қазағымыз қанын төкті? Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан тәуелсіз ұрпақ – сіздер бақыттысыздар. Дендеріңе саулық тілеймін. Ел дамуына қосар үлестерің таусылмасын» - деп, тілегін білдірді. Жиын соңында Нұрлыбек Ожаев қатысушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтады.

0
0
130

Ұйымдастыру-қоғамдық жұмыс бөлімінің басшысы Қуантай Мергенбайұлы ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды!

«Nur Otan» Атырау облыстық филиалының ұйымдастыру -қоғамдық жұмыс бөлімінің басшысы Қуантай Мергенбайұлы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының шешімімен ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды! «Nur Otan» Атырау облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың және барша ұжымның атынан Қуантай Мергенбайұлының елеулі еңбегі үшін марапатталған Құрмет грамотасымен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Қуантай Мергенбайұлы білімді ғана емес, өз ісінің кәсіби білгірі. Сондықтан да осы уақыт аралығындағы еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Мерейлі мемлекеттік марапат өз иесін тауып отыр. Елдің қамын ойлап, жұрттың мұң-мұқтажын елеп-ескере жүретін елжандылық қасиеттен арылмай, халыққа қызмет ете беріңіз! Отбасыңызға…

0
0
147

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

-ҚҰРМЕТТІ, ОТАНДАСТАР! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!Талай жылдар өзге елдің боданына бұғауланған ата-бабамыздың арманы, Тәуелсіздік үшін жан аямай бәйгеге бас тіккен ерлігі, баршамыздың жадымызда және жүрегімізде мәңгілікке сақаталды!Қазіргі еркіндігіміздің оңай жолмен келмегендігін, құны биік құндылығымызды әрбір қаны қазақ ұрпағымыз естен шығармауы қажет!Дәл бүгінгі ұрпақтың аспаны ашық, байрағы биік ҚАЗАҒЫМЫЗДА еркін әрі әдемі өмір сүруі сол желтоқсан ызғарында ел үшін бас тіккен қайсарларымыздың арқасы!Ендігі өмірімізде ата-баба аңсаған, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ босағасы берік болуын тілеймін! Рухы берік егемен еліміздің тұғыры б…

0
0
197

Н. Ожаев Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті тұрғындарымен кездесті

13 желтоқсанда, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Н. Ожаев, Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер А. Габдуллин, үгіт насихат жұмыстары аясында Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті тұрғындармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының Атырау облысындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алдағы уақытта тұрғындардың жоспарда тұрған жұмыстары толығымен шешілетіні туралы айтылды. Жиын соңында ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп кандидаттарымызды шығарып салды.

0
0
142