Тәуелсіздік күні құтты болсын!
-ҚҰРМЕТТІ, ОТАНДАСТАР! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Талай жылдар өзге елдің боданына бұғауланған ата-бабамыздың арманы, Тәуелсіздік үшін жан аямай бәйгеге бас тіккен ерлігі, баршамыздың жадымызда және жүрегімізде мәңгілікке сақаталды!
Қазіргі еркіндігіміздің оңай жолмен келмегендігін, құны биік құндылығымызды әрбір қаны қазақ ұрпағымыз естен шығармауы қажет!
Дәл бүгінгі ұрпақтың аспаны ашық, байрағы биік ҚАЗАҒЫМЫЗДА еркін әрі әдемі өмір сүруі сол желтоқсан ызғарында ел үшін бас тіккен қайсарларымыздың арқасы!
Ендігі өмірімізде ата-баба аңсаған, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ босағасы берік болуын тілеймін! Рухы берік егемен еліміздің тұғыры биік болсын!
