«Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген А. Байтұрсынұлының сөзін бұрмалаған заман да өтті.
Мен неге ұлтты сүйемін? Жаным ұлтшыл болып, қазақты басқа ұлттан жоғары санаудан ба? «Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген А. Байтұрсынұлының сөзін бұрмалаған заман да өтті. Дегенмен, ауру кетсе де, әдет қалады. Кеңестік жүйе кезінде еліміз орыстардың боданы болды, ашық пікір айта алмай, қыспақта күн көрдік. Ұлт мәселесі толғандырған, халқының болашағын ойлайтын талай азаматтарымызға, зиялыларымызға «ұлтшыл» (нацист) деген айып тағылды. Жылдар өтті, тәуелсіз елміз деп өзімізді жарияладық, әлемдік сахнаға демократиялы ел болып шықтық. Кеңес үкіметінің ұлттық идеяны ұстанушыларды жау санау дертінен, «ұлттар лабораториясы» идеологиясынан 20 жыл болды арылған түріміз жоқ. Әлі де болса, «ұлтым, қайран елім» деп шыққан азаматтарымызға сақтықпен қарап, Мұхтар Шаханов секілді ағаларымызды халық…