Заман ақыр жастары
Заман ақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Біріне бірі қастыққа Қойнына тыққан тастары. Саудасы – ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілменен жиғаны. Өнімсіз іске шеп-шебер, Майданға түспей несі өнер? Сиырша тойса мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп секек етем деп, Шошқа туар сөздері. Ақиық ақын, қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың "Заман ақыр жастары" туындысын оқыған сәтте, бір жағынан Абай атамыздың сөз шеберлігі мен көріпкелдігіне қойныма қуанышым сыймады, екінші жағынан қазіргі жастардың жүріс-тұрысына, өздерін ұстау мәдениетіне назар аударсақ, Абай атамыздың заман ақыр жастары өз арамызда да бар секілді...Әрине, бұл қуанарлықтай жағдай емес... Жастар, жағдайымыз мүшкіл, расында да "өсек,…