Алға, арландар!
Кәсіпқой бокстан Бүкіләлемдік серия бойынша өтіп жатқан жарыстар аяқталуға жақындап келеді. Жуырда Азия, Еуропа және Америка құрлықтары бойынша үш топқа бөлінген 12 команда өздерінің кезекті жекпе-жектерін өткізді. Соның ішінде Азия тобында еліміздің намысын қорғап жатқан «Astana arlans» («Астана арландары») командасы өткен сенбі күні топтың фавориті Әзірбайжанның «Baku fires» («Баку алаулары») боксшыларымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді. Бұл екі жақтың төртінші рет кездесуі болды. Мұның алдында өткен үш жекпе-жектің бәрінде «арландар» қарсыластарынан жеңілген болатын. Сол кездері болған айқастарда астаналықтар алдымен 1:4, одан кейін қатарынан 2:3 есебімен жеңілгені есімізде. Осы кеште «Астана арландары» сапында Міржан Рақымжанов (54 кг.), Ержан Мүсәпіров (61 кг.), Қанат…