Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты
Дәл осындай тақырыпта мамыр айының 25 күні қазақ қыздарының қара шаңырағы саналатын белгілі оқу орны – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, осы оқу орнының «Парасатты НЛО (Нағыз Лидерлер Одағы)» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстел аты айтып тұрғандай биылғы жылы мемлекеттік рәміздерімізге 20 жыл толу мерейтойына қарсы ұйымдастырылды. Бұл бас қосуға «Парасатты НЛО» пікір-сайыс клубының мүшелері белсене қатысты. Дөңгелек үстелдің өту барысын клубтың жаңа сайланған үйлестірушісі – Абишива Райхан жүргізді. Бағдарлама бойынша рәміздерге қатысты баяндамалар оқылды. «Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алып жүрміз бе?» деген тақырыпта сөз еткен клуб мүшесі, Ходжаева Ұлжан, жиналған қауымды біраз ақпаратпен қамтып өтті. Яғни, қазіргі таңда…