Мазмұнға өту
arainazar

Арайлым Назарова

@arainazar

Сайтта 2012 ж. 3 маусымКазахстан, Семипалатинск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

10

пікірлер

9

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Жүрекке әмір

Жүрегім, саған не болды? неге сонша қиналасың, неге сонша ауырасың, неге мұңайып, көзді жасқа толтырасың? Тоқташы, өтінемін, бағыншы санама... Ұмытшы оны... бәрі бітті, бәрі өтті, болмайтын дүниені армандамашы. себебі енді оны ешқашан көрмейсің, оның дауысын естімейсің, оны сүймейсің, иісін иіскемейсің... бәрі бітті, бәрі өтті. болды, тыныштал, ұмыт, ұмыт бәрін.

0
0
449

Бір СӘТ...

Адамның тұтастай бір ғұмыры болса, сол ғұмырын құрайтын жылдар, айлар, күндер болады, сол жылдар мен айларды өткізетін сағаттар мен минуттар, секундтар, ал сол жылжыған уақытта таңбасын қалдыратын сәттер. Сәттер, бір сәт, кейде сол бір ғана сәт адамды өзіне мәңгілік байлайды, сол бір ғана сәт сені ғашық етеді, сол бір сәт сені ынтықтырады, сол бір сәт сені қуантып, мұңайтады, және сол бір сәт сенің ғұмырыңда өшпес із, ұмытылмас жара қалдырады, сол бір ғана сәт сені мәңгілік өкінішке не мәңгілік шаттыққа бөлейді, мүмкін сол бір сәтте сен өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдарсың, сол бір сәтте өміріңдегі ең қате бір іске ұрынарсың... бәрі бір ғана сәттік дүние, кішкене ғана уақыт, бірақ сол уақытқа байланған өмір, ғұмыр. Сондықтан адам ешқашан «Қойшы, бір ғана сәттік дүние ғой» немесе «Бір…

1
1
1668

Әдемі Махаббат хикаясы

Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді біреулері тіпті сүйгені үшін өкінеді. Жер бетінде қаншама жан болса соншама тағдыр, соншама махаббат хикаясы бір-бірлеріне еш ұқсамайды. Міне, өмір, сонысымен қызық қой. Енді, өзім куә болып жүрген осындай тамаша да сұлу сезім жайлы, көркем махаббат хикаясы жайлы айтам деймін. Сарғайған сары күзде басталған, көктемдей көгерген жас сезім, сол бір күзді мәңгі жүректе де, санада да қалдырды. Олар үшін бұл сарғайған сары күз емес, сезім шашқан алтын күз болды және солай болып қала бермек. Бозбалалық сылқым мінезіне салынған бозбала жастықтың алып ұшпа қызығушылық сезімімен өзінен бір курс төменде о…

2
7
27842

ортақ тіл, валюта мен парламенттің бізге қажеті қанша?

Тәуелсіз алған сәтте қуаныштан төбеміз көкке бір-ақ саты жтпегендей қуанып едік. Сол кезде ата-баба аруағы да бір аунап қалған шығар… Осы бостандық, тәуелсіздік күнін армандап сол үшін қанша тер мен қан төккен бабаларымыздың ерен еңбектері мен асқақ армандарын бүгінгі ұрағы бағаламау, сол құнды тәуелсіздігіміздің қадірін білмегендік. Мына биліктегі азаматтар үшін елінің мүддесі, ұлттық құндылықтары мен тәуелсідіктің қадірі бір тиында болмағаны ма сонда? Неге, Рсей айтты екен деп, біз басымызды ие беруіміз керек? Онсызда халық бірін білсе бірін білмей өзгелердің қолтығыны қыстырылып кетіп жатқан дүниелеріміз қаншама. Ресейдің бодандығында өткен жетпіс жылда қазақтың көрген қорлығы аз емес, ал ел болып бесігімізді түзеп, етек-жеңімізді жинар шақта тағыда сол бодандыққа өзімізді ерікті түрде…

3
4
606

Жеккөру мен сүю

Жеккөру мен сүю, бір-біріне қарама-қарсы, еш түйіспейтін сезімдер, сөздер. Бірақ, менде солай, сүйе тұра - жек көрмін, оны қатты жек көре тұра, өлердей сүйемін. Бұл сезім менің сорым болды ғой. Бұл жан да. Қалай ғана менің сезімім адасты, қалай ғана мен ол адамды сүйдім, қалай ғана менің жүрегім қателесті. Мен оны көргенде демім жетпей, айтарға сөзім тауысылып қалады, өз-өзімді ыңғайсыз сезініп, кең шетсіз бір тұңғиық қараңғылықта тек біз ғана қалғандай, айналамда ешкім жоқтай болып көрінеді де, жүрегім соғысын әдетінен жиілете түсетіндей. Бойым жылынып, алақандарым ысып, бір сөз таба алмай қаламамын. Және солай бола тұра мен оны қатты жеккөремін, жеккөремін. Мен осы уақытқа дейін дәл бұлай ешкімді жақсы көріпте жек көріпте көрмеппін. Бұл менің тек жүрегімді ғана емес, бүкіл тұла бойымды…

1
6
1962

Менің елім...

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, АТАМЕКЕН, АНА ТІЛ, ЕЛІМ, ХАЛҚЫМ, ҚАЗАҒЫМ, ТАРИХЫМ, АТА-АНА, ТУЫСҚАН, БАУЫР, СІҢІЛ неткен ыстық, неткен жақын!.. Осылар ғой, жүрегіңді селк еткізетін, осылар дегенде жаным құрбан. Ең бірінші тілеуім де осылар. Егерде, елім үшін, елімнің болашағы үшін жанымды құрбандыққа сұраса, еш ойланбас ем, еш. Осы елім дегенде еміренбейтін жүрегі бар жандарға таң қаламын. Жоқ, оларда жүрек жоқ, оларда тек қан айналымы үшін ғана жұмыс істеп тұрған бір зат бар. Ол жүрек емес. Себебі, ол сезе, сезіне, сүйе алмайды. Ол жай бір зат. Мөлдіреген көздері бар, баладай қылықты, қонақжай, Қабанбайдай батыр ұлды, Абайдай дана ұлды, Жібектей қыз, Төлегендей жігіт, Мұхтардай жанды айта берсең көптеген ұлы тұлғаларды өсірген осы бір момын халықты сүймеу мүмкін емес қой, мүмкін емес... осы ел қашан қо…

Ғажайып өмір!

Ғажайып өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанбас осы өмірді бір сәттік қызығушылықтар мен рахат үшін, естен айырылатын дүниелік ләззат үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық деген ұлы сезімдерге айырбастап кете баратындары өкінішті, өте өкінішті. Осындай жандарды көргенде қандай өкініш деп ойлайсын, өмірді нағыз түсінер кезде олар оны қадірсіз бір дүние, ешқашан бітпейтін, қайталанып келе беретін күндер ретінде түсінетініне қайран қаламын. Осы бір алдамшы сағым дүниені неге сонша жақсы көреді екен, үлкен әріппен басталатын, Алланың ең саналы жаратылысы осы алдамшыға неге алданады екен? Неге нәп…

2
0
23065

Тағдыр

Таңертен сабаққа шығып бара жатып, екі адамды көрдім. Екеуі де у-дай мас. Бірін-бірі демегендей болып келе жатыр. Бірі құласа екіншісі оны сүйрейді, қолтығынан демейді. Бұл сәтте олар бір-біріне ең жақын жандар сияқты сезінуде. «Тұр, аяғыңды дұрыстап бас, ұят болады», деп қояды, достық пейіл білдіргені ғой, сірә. Бірақ, өзінің шамасы да соның ары жақ-бері жағы екенін біле ме екен? Міне, осылайша бір-бірін демеген қос дос, жоқ оларды дос деуге ауызым бармай тұр, олар бөтелкелестер, ары-бері тырпынып кетіп барады. Сырттарынан қарадым да жүрегім езіліп ауырды. Әй, қор болған, қайран өмір-ай, десеңші. Кетіп бара жатып көз адыма олардың бұдан арғы, үйлеріне жеткендегі уақиғалары елестеді... Үйде, күні бойы күйеуім қайда жүр екен, келгеннен соң үйде тағы ұрыс болады, тағы мас күйінде не істерін…

2
0
687

Бақыттымын!!

Мен бақыттымын ба? Әр адам өзіне осы сұрақты әйтеуір бір қоятыны хаһ. Кей-кейде болмашы бір нәрсеге бола, жақсы баға ала алмасақ, бір жерге бара алмай қалсақ, «туф, неткен жолы болмайтын бақытсыз едім», - дейміз. Бұл солай ма? Шын мәнінде де бұлар бізді бақытсыз ете ме? Әй, осы адам баласы неткен қанағатсыз едік, барлығының әрқашан жақсы, ойдағыдай болғанын қалаймыз. Ал олай болмай қалса, өзімізді бақытсызға санаймыз. Шын мәнінде біз БАҚЫТТЫМЫЗ, мен БАҚЫТТЫМЫН!!! Себебі, мен бұл жалған дүниені адам көзімен көрудемін, Алла маған сана берді, мені АДАМ етіп жаратқаны үшін БАҚЫТТЫМЫН!!! Менің Отаным, анам, апайым мен бауырым, туған-туысқандарым бар, сол үшін бақыттымын. Әр таңды бейбітшілікпен атқызып, батқан күнді сәттілікпен шығарып салғаным үшін, тыныш түнгі тәтті ұйқым үшін, алған білімім…

4
1
6646