Латын жайлы тағы бір толғау
Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Бұл мақаланы жариялауымның себебі соңғы кездегі бекітілген латын әліпбиінің мәселесі еді. Өзім филология, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті ғылымы саласында көп жылдар қызмет етуіме байланысты көкейкесті сұрақтарыммен, ойларыммен бөліссем деймін. Өйткені елдің болашағына, оның өркениетіне, дамуына жанашыр әрбір азамат, әрбір қазақ секілді, мен үшін де бұл мәселе өте маңызды. Ал енді әліпбидің алғашқыда негізгі екі нұсқасы халыққа таныстырылған болатын. Біріншісінде диграфтар арқылы толықтырулар болса, екіншісінде апострофтар арқылы толықтырулар болды. Яғни екі нұсқаның да ең бір ұтымды тұсы – сөздің асты-үстінде ешқандай үтір нүктесіз, әріптердің тек классикалық негізде болуы. Бұл өз кезегінде білетініміздей өте маңызды мәселе еді, себебі ағылшын ті…