БҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада бастау алды
2019 жылдың сәуір-маусым айларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен БҚО әкімдігінің қолдауымен «23-маусым ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өткізілуде.
Спартакиадаға қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, қол күресі, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен қатысатын болады.