Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылдың 5-ші сәуірінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында, Бөрлі ауданының әділет басқармасының басшысына қатысты тәртіптік іс және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері қаралды.
Алдымен, Кеңес отырысында Бөрлі ауданы прокуратурасының тәртіптік өндіріс қозғау туралы қаулысының негізінде, заңды тұлғаның басшысының ауысуы туралы өзгерістерді «Заңды тұлға» Мемлекеттік деректер қорының бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне бірнеше рет негізсіз енгізбеу мәселесі бойынша Бөрлі ауданы әділет басқармасының басшысы Арман Нурумбаевқа қатысты тәртіптік ісі қаралды.
Аталған тәртіптік істі қарау нәтижесі бойынша, Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, аталған лауазымды тұлғаға «лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің басшысына ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.
Келесі, Кеңеспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия отырыстары хаттамаларының орындалуына жүргізілген мониторингтің қорытындылары қаралып, оның нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аймақтық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз ету және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялау ұсынылды.
Әрі қарай, Кеңес отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің тарапынан атақарылған жұмыс нәтижелері қаралып, оның қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан мемелекеттік органның басшысының атына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту бойынша ұсыныс жолдау туралы шешім қабылдады.
Соңында, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру мәселесі бойынша Орал қаласы, Жаңақала және Казталов ауданы әкімі аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен атқарылған жұмыс нәтижелері қаралып, қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан әдеп жөніндегі уәкілдерге, заңнамамен берілген құзыреттілікті кең-ауқымды пайдалана отырып, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың басшылыңының атына өзіне жүктелген функцияларды толыққанды жүзеге асыру бойынша дәйекті шаралар қабылдау және Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілді.
