Рухани жаңғыру


@altynsaryn_obzhk_qst
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
111
жазбалар
4 822
пікірлер
140
тіркелуші
30
жазылымдар
2
рейтинг
111
жазбалар
4 822
пікірлер
140
тіркелуші
30
жазылымдар
2

Дөңгелек үстел «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – мәңгілікке қазына».
«Алтынсарин оқулары» іс-шара циклінің және «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 11 қазанда сағат 14.00-де Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Ыбырай Алтынсарин мұрасы– мәңгілікке қазына» атты дөңгелек үстел өтеді.7-11 сынып оқушылары қазақ қоғамы өмірінің тұтастай адамгершілік-публицистік категориясына қазіргі тұрғыда қажетті баға беріп, ұғындыруға тырысады.
ІС-ШАРАНЫҢ БАСТАЛУЫ САҒАТ 14.00
Байланыс ақпараты:
Қасымқанов көш., 74 (Пушкин көш. бұрышы)
тел. 54-27-44 – Теплякова Надежда Минеевна, директор
39-00-42 – Видершпан Алла Леонидовна, ғылыми-әдістемелік бөлім
Дөңгелек үстел "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 5 қазанда сағат 15-00-де Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының Ы.Алтынсарин ат.облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтеді. Мемлкет басшысының тұжырымдамалық мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі қағидаларында негізделеді. Бағдарламаның келесі негізгі сәттері талқыға салынады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім». ІС-ШАРАНЫҢ БАСТАЛУЫ 15.00 Байланыс ақпараты: Қасымқанов көш., 74 (Пушкин көш. бұрышы)…
Әдеби альманах «Халық ұлы» Мұхтар Әуезов – жазушы, ғалым,педагог, қоғам қайраткері. Ол замандастары мен ұрпақтарының санасында осылай қалыптасты. Ұлы қазақ жазушысының 120 жылдығына орай 4 қазан күні сағат 14.00-де Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да 7-11 сынып оқушыларына арналған «Халық ұлы» атты әдеби альманах өтеді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдрламаны жүзеге асыру аясында өтеді және «Әдеби Қазақстан» циклінің бірі болып табылады. Іс-шара барысында балалар Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығының жаңа мазмұнын ашып қана қоймай, қатарластарына оның мәнін түсіндіреді. ІС-ШАРАНЫҢ БАСТАЛУЫ 14.00 Байланыс ақпараты: Қасымқанов көш., 74 (Пушкин көш. бұрышы) тел. 54-27-44 – Теплякова Надежда Минеевна, директор 39-00-42 – Видершпан Алла Леонидовна, ғылыми-әдістемелік бөлім e-mail: albib…
21 қыркүйек күні ҚҚКСК-нің 1 курс студенттерімен атақты жазушы Сырбай Мәуленовтің 95 жылдығына орай кездесу өтті. Кездесу барысында кітапханашы аудиторияны ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес ақынның өмірімен жан-жақты таныстырды. Сырбай Мәуленовтің әрбір өлеңі сүйіспеншілікпен жазылғандықтан тыңдар құлаққа тек әсерлі емес, ол сондай-ақ еліміздің сұлулығын ашып, тәнті етеді. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Іс-шара соңында С.Мауленов туралы кітаптар мен оның өлең жинақтары ұсынылды.
Тілдер күніне орай №2 ОМ-тің 7 сынып оқушыларымен бірге «Көп тілділік, бір әлем» атты кездесу-диалог өтті. Жер бетіндегі алғашқы тіл қандай, әлемде барлығы қанша тіл бар, неліктен олар ұқсас емес — балалар осы сияқты сұрақтарды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Тіл дос та (халықтардың қарым-қытынас жасау құралы, мәдениеттің дамуы, білім алу және т.б.), жау да (соғыс басталады, мемлекеттер ұрысады, тіл құралы арқылы адамдар алдап, сатқындық жасайды) болады деген пікірге келісті. Кездесу соңында тілді сақтап, оны дамыту үшін басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау керек деген пікірге тоқтады.
14.09 күні сағат 13.30-да жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері үшін поэтикалық марафон «Біртуар асыл ақын» ұйымдастырылды. Биылғы акция қазақтың ұлы реалист ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналды. Студенттер оның қазақ тіліндегі өлеңдерін оқып, көрмеге қойылған шығармашылығы туралы кітаптармен танысты. Бұл шараның мақсаты студенттердің назарын қазақ әдебиетіне аудару, жастардың оқуға деген ынтасын ояту, отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, Қазақстанның атақты адамдарымен танысып, оларды оқуға дағдыландыру, қазақ демократ ақыны С.Торайғыров туралы ұғымдарын қалыптастыру болды. Іс-шара соңында «Біртуар асыл ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album…



20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды тарту үшін «Бар. Ал. Оқы» атты библио-десант ұйымдастырылды. Бұл акцияда «Қыздар әлемі» атты әдеби отырыс волонтерлерінің үлкен белсенділік танытқандарын айта кеткен жөн: олар кітапхана және оның көрсететін қызметтері туралы нақты және сауатты ақпарат бере білді. Барлығы 56 визитка үлестірді. Көпшілігі қызығушылық танытып, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігіне (ойын бөлмесі, библио-ұзартылым, «Ашық кітапхана» үйірмесі, аптасына екі рет тегін интернет) және әрине, әдебиеттің сан алуан көптігіне таңғалды: «қорқынышты» кітаптар, детективтер, қыздар мен ұлдарға арналған кітаптар, энциклопедиялар, ата-аналарға көмекке келетін балғындарға арналған кітаптар. Кітапхананың қала орталығында орналасқа…