Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 821

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

"Ою ойғанның ойы ұшқыр"

М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің шақыртуымен Оқу тәрбие үрдісінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде 2018-2019 оқу жылында мектеп оқушыларымен ата-аналар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруы нәтижелері талқыланды. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында "Ою ойғанның ойы ұшқыр" атты үйірмесі осы мектеп оқушыларымен жұмыс жалғасып жұмыс етеді. Кітапханашымыз өз жұмыстары туралы, сынып жетекшілері мен ата-аналарына тығыз байланыстары туралы айттып. Алдағы уақытта бірге жұмыс жасаймыз деген оймен тарадық. https://photos.app.goo.gl/ZcFX7V98DzsSNYc58

0
0
390

"Ою ойғанның ойы ұшқыр"

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында "Ою ойғанның ойы ұшқыр" атты үйірмесіне біздің кітапханамыздың өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміне фетрден әшекей бұйымдар жасап үйрену үшін НЗМ 7 сынып оқушылары қатысты. Үйірмеде барысында фетрден ұлттық нақыштағы алқа, білезік, шашбау, ұялы телефон қаптары т.б бұйымдар жасады. Үйірме жұмысының нәтижесінде жасаған бұйымдары жайында мағлұматтар алып, шебер қолдарын шындап, ой-өрістері кеңите түсті. Үйірмеде бала тек менің үйретуіммен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өнделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып бөлісе алады.

https://photos.app.goo.gl/EQP8uJbNWjo4FHq69

0
0
370

Қазақ әшекейлерінің сакралды мәні

Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар. Әшекейді әртүрлі материалдардан жасауға болады. Ертеде қыз-келіншектер алтын, күмістен жасалған әшекейлер тақса, қазіргі технологияның дамыған кезеңінде әртүрлі материалдардан жасалған әшекейлерді кездестіруге болады. Біздің кітапханамыздың өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде „Қазақ әшекейлерінің сакралды мәні„ іс-шарасында фетрден әшекей бұйымдар жасап үйрену үшін ҚМПУ „Бастауыш білім беру әдістемесі„ факультетінің 3 курс студенттері келді. Іс-шара барысында кітапханашы фетрден ұлттық нақыштағы қамзол, алқа, білезік, шашбау жасау тәсілдеріне кеңінен тоқталып өтті. Соның ішінде қыздардың қалауымен, шашбауды тәжірибе жүзінде жасап…

0
0
724

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты үйірмесінің қатысушы шебер қыздары заманауи стилінде жасаған бұйымдарының шағын сән үлгісін зор мақтанышпен көрсетті. Шебер қыздардың сәндік көрсетілімін Қазақстан - Қостанай телеарнасынан алдағы жетіде тамашалай аласыздар. Ұлттық нақышта жасалған сәнді бұйымдарды үйірме қатысушыларына және кез келген осы шебер түрін үйренемін дегендер үшін қашанда көмектесуге дайынбыз.Ата- бабадан қалған ұлттық қөлөнерді дамытып,бүгінгі заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыруда бірге болайық. https://photos.app.goo.gl/39aFeVuB4p5NtsFw8

0
0
336

«Алғысымды білдіремін...»

«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - бұл Алғыс айту күнінің нақылдарының бірі. 1 наурызда Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алғысымды білдіремін...» акциясы өтті. Оған осы күні келген оқырмандар қатысты. Келушілер кітапхана қызметкерлерінен барлық жақсылықты тілеген тілектер естіді. Оқырмандарға естелікке қазақ және орыс тілдерінде алғыс сөздер мен әдебиет пен оқу туралы атақты әлем жазушыларының сөздері жазылған біздің кітапханамыздың визиткасы берілді.

0
0
530

«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

27 ақпанда № 18 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» экскурсиясы өтті. Экскурсияға қатысушылар сұхбатқа белсене араласты, ұлы ұстаз туралы ақпарат беру танымдық әрі қажетті болып шықты. Өз жерінің патроиты, ғажайып адамның зор күшімен кең далада туған, Қостанайдың орталығында орналасқан облыстың ескі мектебінің бірі бар екенін көпшілігі білмейтін болып шықты. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қабырғасынан Қазақстан мен оның маңайындағыларға аты шыққан ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары үкімет марапттарымен марапатталған жұмыскерлер, Социалистік еңбек ерлері шыққаны белгілі. Олардың ішінде: көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әліби Жангелдин; жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім –…

0
0
418

«Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы»

2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Шараға № 9 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толды. Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танымал тұлға. Бала Шахкәрімнен - «қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, КСРО Халық әртісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен танысты. Осы іс-шара жас ұрпаққа қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйсіспеншіліктерін арттыру деген мақсатымен өтті. Балалар іс-шараға дайындаған кітап көрмесімен танысты. https://photos.app.goo.gl/i3MBy1Cq7gsdX7sb6

0
0
474

«Өмірі де, өнері де өнеге»

25 қаңтарда өнер бөлімінде қазақтың тұңғыш біртуар суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы республикалық мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілхан Қастеевтің - 115 жылдығына орай «Өмірі де, өнері де өнеге» атты деректемелік баяндама өтті. Осы іс-шара М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Балаларға, Ә.Қастеев шығармашылығы сан қырлы екенін айтылып, осы суретшінің туындыларымен танысты. Біздің бейнелеу өнерімізде кескіндеме сыни сурет саласының да тұнғыш тұсауын кескендердің бірі – Әбілхан Қастеев. Олар: Ш.Уәлиханов, Абай, Жамбыл Жабаев портреттері барын, ең үздік портреті А.Иманов портреті екенін айтылды. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналғанында құлақдар екенін білдірді. Балалар осы суретші туралы мағлұматты қызығушылықпен тыңдап, сұ…

0
0
319

«Тәуелсіздік шыңы»

Тәуелсіздік мерекеміздің қарсаңында мектеп оқушыларына еліміздің орны ерекше ұлы мерекесіне арналған «Тәуелсіздік шыңы» атты интелектуалды казино сайысы өткізілді. Сайыс 6-сынып арасында өтіп, сайыста оқушылар «Бүркіт» және «Барыс» командасы боп жарысқа түсіп, оқушылар өздерің еліміздің тарихы, әдебиеті, географиясы жағынан білімдерін сынай алды. Оқушылардың әсіресе қай салада болмасын арнайы қойылған ойлы сұрақтарға көп қызығушылық арттыратыны байқалды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің атынан мерекеге тарту ретінде «Жүрегім қазақ» әнін және «Тойбастар» күйін орындап қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Женген «Бүркіт» тобы және «Ең үздік» ойыншы атанған Орманов Жиеншің мақтау граматасын иеленді. Биік шыңдарға тек білім жеткізетін түсінген оқушылар алда білімдерің шыңдау үшін көп оқу керект…

0
0
375