Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 821

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Қазақтың әнші, бұлбұл қызы — Бибігүл Төлегенова

12 желтоқсанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО халық әртісі, қазақ ән орындаушылық мектебінің жарқын өкілі, тамаша әншілік мектептің жолы мен дәстүрін жалғастырушы күміс көмей әншілеріміздің бірегейі Бибігүл Төлегенованың туғанына 90 жыл тоуына орай „Қазақтың әнші, бұлбұл қызы — Бибігүл Төлегенова„ атты сазды сағаты өткізілді. Іс-шараға №20 мектептің 5 сынып оқушылары келді. Іс-шара барысында әншінің өмірбаяны, қызметі, шығармашылығы туралы мәлімет берілді, балалар караокемен ән салды, қатысушылар назарына бейнеролик ұсынылды, Б.Төлегенова туралы кітаптар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. https://photos.app.goo.gl/SnVRRUX9jdS7qmGF8

0
0
1162

Үш бәйтерек, үш ғұмыр

27 қараша мектеп жасына дейінгі, кіші және орта жастағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтерге - 125 жыл толуларына орай дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларының назарларына мерейгер-жазушыларға арналған «Үш бәйтерек,үш ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылды.Оқушылары үш бәйтерегіміздің өмір жолдарынан қысқаша түсінік алып, мағыналы, мазмұнды шығармаларын ортаға салды.Кездесу соңында қатысушылармен мерейгер жазушыларымыздың шығармаларынан «мүшайра» дәстүрі бойынша өлеңдер жарысы өткізілді.Жарыстан женген жеңімпаз өз атынан 4 жол өлең шығарып,үш бәйтерегіміздің өшпес мұрасына сыйға тартты.Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері…

0
0
752

«Қазақ өнерінің мақтанышы»

27 қарашада Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» және І дәрежелі Достық ордендерінің иегері Гүлфайрус Мансұрқызы Ысмайылованың 90 жылдығына орай «Қазақ өнерінің мақтанышы» әңгіме-шолу сағаты өткізілді. Іс-шараға № 9 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.Іс-шара барысында Гүлфайрус Ысмайылованың өмір жолы, қызметі, шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ қатысушылар екі топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмалар орындады. Суретшінің өмір жолы туралы бейнематериал көрсетіліп, екі топ сол бейнеролик бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, қағаз бетіне түсіріп, жұмыстарын қорғады, сонымен қатар грамматикалық тапсырмалар да орындады.…

0
0
381

Біз Ыбырайды білеміз бе?

2019 жылдың 25 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеу және ағартушының тәрбиелік шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Сәтбаев қаласының «№ 19 мектеп-лицейі» КММ 8сынып оқушылары және Қостанай қаласының № 18 орта мектебі 8сынып оқушыларының қатысуымен «Біз Ыбырайды білеміз бе?» атты зияткерлік онлайн ойыны өткізілді. Зияткерік ойын 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Шежіре». Мұнда Ы.Алтынсарин өмірі,туғандары жайлы сұрақтар қойылды. Екінші кезеңде «Сандар сөйлейді» деп аталады. Мұнда Ы.Алтынсаринге қатысты хронологиялық даталар мен атаулы оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылды. Үшінші кезең «Кел, балалар,оқылық» деп аталады…

0
0
488

Табиғат — Қиял — Шығармашылық

Природа — Фантазия — Творчество - Именно под таким названием прошел мастер-класс по изготовлению поделок из природного материала на тему осени. В мастер-классе приняли участие родители и ученики школы № 20.

https://photos.app.goo.gl/gNk2NKjHktfm7gv29

0
0
461

Ы. Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл"

Іс-шара "Алтынсарин кездесулері" топтамасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.Ақпаратты қызықты қабылдау үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпы" әдісі қолданылды. Бұл стратегия балаларға ой еркіндігін сезінуге көмектеседі, іс-шара барысында оқушылар естігенін ой елегінен өткізуге, сондай-ақ өз пікірін айтуға және қорғауға үйретеді. Кездесуде балалар ағартушының өмірі мен қызметін зерттеу мен ұғынуға, өз жанынан пікір білдіру арқылы шығармашылықпен жақындады.Талқылау ретінде Ы. Алтынсариннің "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесі алынды.Балалар әңгімедегі басты кейіпкерлердің мінез-құлқын қызу талқылады. Мысалы, қызыл түстегілер өмірде еңбек ету арқылы көп жетістікке жетуге болады деген пікірде тұрақты қалдырды. Ал ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып…

0
0
1360

«Сыр елі – жыр елі»

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясында бүкілхалықтық оқу үшін екі кітап таңдап алынды: Әбіш Кекілбаев "Аңыздың ақыры" және Әбділда Тәжібаевтың поэзиялары. Акцияның мақсаты - оқуды алға жылжыту бойынша бағдарламаны дамыту, оқу сауаттылығы мен мәдениетін қолдау, ана тіліне деген рухани қарым-қатынасты сақтау, сондай-ақ жастардың адамгершілік және патриоттық ықыласын арттыру.14 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесе отырып 1 курс студенттеріне Ә. Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Сыр елі – жыр елі" атты әдеби вернисаж өткізілді. Студенттер белгілі қазақ ақыны және драматург, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, өз дәуірінің шыншылдығын бейнелейтін ұлы мұра қалдырған…

0
0
827

«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

24 қыркүйекте № 115 орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» экскурсиясы өтті. Экскурсияға қатысушылар сұхбатқа белсене араласты, ұлы ұстаз туралы ақпарат беру танымдық әрі қажетті болып шықты. Өз жерінің патриоты, ғажайып адамның зор күшімен кең далада туған, Қостанайдың орталығында орналасқан облыстың ескі мектебінің бірі бар екенін көпшілігі білмейтін болып шықты. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қабырғасынан Қазақстан мен оның маңайындағыларға аты шыққан ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары үкімет марапттарымен марапатталған жұмыскерлер, Социалистік еңбек ерлері шыққаны белгілі. Олардың ішінде: көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әліби Жангелдин; жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім – С…

0
0
477

«Оригами мектебі»

… балалардың қабілеттіліктері мен дарыны — олардың саусақтарында. Бала қол шеберлігімен көп шұғылданса, ол ақылды болмақ. В.А. Сухомлинский Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Оригами мепктебі» жұмысын жалғастыруда.Әрбір ересек адам бала кезінде қағаздан кеме, ұшақ, бақа, қызғалдақ жасағаны белгілі. Алайда, мұның оригами деп аталатынын бәрі бірдей білген жоқ. Бүгінгі күні бұл қызығушылық бұрынғыға қарағанда кең тараған: онымен ересектер де, балалар да айналысады. Оригами – бұл ежелгі шығыстан келе жатқан қағаздан пішін жасау өнері, көптеген ғасырлар бұрын Күншығыс елінен бастау алған. Оригами бұл тек қызықты ғана емес, балалардың қолмен жұмыс істеу қабілетін дамытатын, саусақтарымен дәл қимыл жасауды үйрететін пайдалы әуесқойлық. Оригамимен әуестенетін балалар кеңістікте елестету қабілет…

0
0
552

Сайын даланың күй сазы

9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойындатқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізілді.

Бұл - Қазақстанның музыкалық аспаптар өнеріндегі тұңғыш әрі бірегей оркестрі. Ол барша әлемге қазақ музыка мәдениетімен, сайын даланың баға жетпес әуендерімен, қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен таныстырды.

Іс-шара барысында балалар оркестрдің құрылу тарихымен, оның репертуарымен танысты, сондай-ақ, олардың орындауында атақты күйлерді тыңдады. Ал шағын кітап көрмеден қазақтың музыкалық аспаптары туралы, қазақ халқының аспапты музыка тарихы туралы кітаптармен танысты. Іс-шара Ұлттық домбыра күніне орайластырылды.

https://photos.app.goo.gl/wXvsZ5Qd6sWqKNx68

0
0
295