Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 821

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

1 сәуір - Халықаралық құстар күні

Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Құстар — табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған. Көктемнің жаршысы болған құстарды «Ою ойғанның ойы ұшқыр» үйірмесінде фетр материалынан жасаймыз. Жасалу жолын бейнематериалдан қарап, жасап алуларыңызғ…

0
0
710

Кел, балалар оқылық

Сол себептен осы мол дүниеден балаларыңызға жақсылық пен жамандықты, адалдық пен достықты, қайырымдылықты бағалауға үйреткіңіз келсе халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай қазынасын ұсынуды ұмытпаңыз. Біздің кітапхана бастаған «Түнгі ұйқыға кетерде, әжем айтқан ертегі» деп аталатын айдары сіздердің назарларыңызға қазақтың тұрмыс-салт ертегілерінен бастап ертегілердің даналық әлемінен таныстырмақшы. Ең алғашқы ертегіміздің атауы- «Сыбызғы сыры».

0
0
238

Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК Қостанай обл. балалар кітапханаларының басшыларына арналған секциясының жұмысы

24 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы базасында "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ кеңейтілген алқа отырысы аясында Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секция жұмыс істеді. Секция модераторы кітапхана басшысы Надежда Минеевна Теплякова болды. Секцияда 2019 жылға арналған Қостанай облысының балалар кітапханалары жұмысының қорытындысы айтылды.Бірнеше жыл өзекті болып келе жатқан мәселі сұрақтарға көп көңіл бөлінді, атап айтқанда, кітапханаларды кітаппен толықтыру, жеткізушілермен жұмыс және кітапханалардың жоспарлы көрсеткіштерінің тым жоғары болуы.Кітапханада кітаптарды сатып алу қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы, Мемлекеттік сатып алу рәсімі туралы Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК бухгалтері А. С.…

0
0
422

«Театр – өмір айнасы»

Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына 3000 жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп-тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасадық…21 ақпанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының жиырма жылдық мерейтойына арналған «Театр – өмір айнасы» атты сұхбат-кездесу өткізді. Осы кешіміздің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бірмәнұлы Бекайдаров және ҚР "Мәдениет қайраткері” Досанова Ақдәмен Әбуәлиқызы қадірлі қонақтары болды.Іс-шара барысында музыкалық номер орындалып, театр тарихына тоқталып, театр актерларымен қызықты…

0
0
569

«Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин»

2020 жылы 18 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар топтамасы аясында

«Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға №18 мектептің 8 сынып оқушылары (16 оқушы) қатысты. Іс шараның мақсаты

Білімге арналған өлеңдерінен тәлім-тәрбие алу болып табылады. Жастарды өз тәуелсіз елін, ақын – жазушыларын қадірлеуге, ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Іс-шара барысында сұрақ-жауап ойыны өткізілді, Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылды.

https://photos.app.goo.gl/APkc8YoURKaBoLXj6

0
0
330

«Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды»

Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара барысында оқушыларға С. Досановқа арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.Торғай даласы ақындық, шешендік өнердің және батырлар өлкесі ретінде атақ-даңқы қазақ елі-жұртына ертеден –ақ мәлім болған. Міне, солардың бірі – күні бүгінге дейін 30 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов. Балаларды кітап көрмесімен таныстыру кезінде Сәбит Досановтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары – "Ақбас бүркіт»,"Жиырмасыншы ғасыр" эпопея, «Қыран мен жылан», «Хранители сокровенного», «Аптаның сегізінші күні» т.б. шығармаларына шолу жасап, қаламгердің шығармаларын оқуға шақырдық. Кітап көрмесі 1 ай жұмыс жасай…

0
0
754

Өлеңге арналған өмір

Тірі болса, биыл желтоқсан айында 80 жасқа толар еді. Мерейтойлық датаға орай кітапханымызда «Өлеңге арналған өмір» библиографиялық көрсеткіш құрастырдық. Өз халқың сүйген атақты, талантты ақынның болмысы мен шығармашылығына халықтың да махабатты артпаса, кеміген емес, және Фариза апаның бейнесі алыстаған сайын ол махаббат ғасырдан ғасырға жалғасып, күшейе түсетін деп сенеміз.

https://yadi.sk/i/dCtDA9WWoigX2g

0
0
495

Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова. Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова» атты әдеби – сазды кеш өтті. Кешке Қостанай қаласының құрылыс колледжінің 1 курс студенттері қонаққа келді. Іс-шара барысында Фариза апамыздың өлеңдері мәнерлеп оқылып, бейнероликтер көрсетілді, Зуба…

0
0
711

«Ою оюғанның ойы ұшқыр»

12 желтоқсанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Ою ойғанның ойы ұшқыр» Облыстық жастар ресурстық орталығының аясында жұмыс жасайтын «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері қонаққа келді. фетрден әр қыз-келіншекке қажетті аксесуар — қол сөмкесін жасады. Керемет екі түсті үйлестіріп, қазақи ою жапсырып жасаған сөмке заманауи стильге сай керемет болып шықты.

https://photos.app.goo.gl/W7keMrQUUGSyiMcQ6

0
0
537