Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 813

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Ойла: Саттаров С. "Мұхтар Әуезовтің ататегі" Тарихи-құжаттық, танымдық кітап

Кітапта қазақтың біртуар ұлы Мұхтар Әуезовтің ататек шежіресіне қатысты және сол шежіремен бірыңғай тұтастықтағы түркілер еліне ислам дінінің келу тарихы мәселелері сөз болады.Исламдық пәлсапаның қазақ жерінде дамуы, оның жергілікті халықтың тағдырындағы манызы, сондай-ақ мұсылмандық негіздегі ұлттық дүниетанымның қалыптасуына ұйтқы болған тұлғалар болмысы да біртұтас сабақтастықта қарастырылады.Басылым көпшілік оқырманға арналған.

0
0
407

Абай және оның әндері

Ұлы сазгер Абайдың өмірімен және шығармашылығымен танысып, оның қазақ музыка өнерінде алатын орнын, әндерінің ерекшелігін білетін боламыз. Абай әндері арқылы жас ұрпақ эстетикалық, адамгершілік тәрбие ала алады. Музыкалық сөз қорымызды байытып, музыканы тыңдап және түсіне біліп, ән айту қабілеттерімізді жетілдірейік.

0
0
217

Балаларға базарлық: Серікбай Оспанов

Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үйрету керек. Еңбек ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау. Көп қырлы еңбек ету барысында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағдылар қалыптасады. Бүгінгі балаларға базарлық айдарындағы Серікбай атамызда сол жайында сөз қозғап отыр. Кіші жастан еңбекке аралассаң жемісің өскенде көресің деген атамыздың сөзіне құлақ салайық.

«Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, кіші жастан үйреніміз керек.

0
0
312

Ертегі толы дорба: В.Сутеев «Бір қап алма»

В. Сутеевтің "Бір қап алма" ертегісі бізді қоршаған ортамен бөлісуді үйретеді. Ертегісінің басты мағынасы-мейірімділікте және жомарттықта. Ертегіде қоянның қолындағы барын аямай, оны кездескен барлық аңдармен алма бөліскені жайында айтылады. Нәтижесінде істеген жақсылығы қоянға екі еселеніп қайтарылды.

Бұл ертегі мейірімді болуға, достарыңмен бөлісуге, достарыңнан шын жүректен жақсылық жасауға үйретеді. Кез келген мейірімді іс-әрекет міндетті түрде бағаланатынын үйретеді.

0
0
1283

Тұрдақын Жексенбай

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, энциклопедияшы-баспагер, зертеуші-ғалым Тұрдақын Жексенбайдың «Бала бүркіт» кітабына автордың балаларға арналған бір топ повестері мен әңгіме-ертегілері топтастырылған.

0
0
1673

Саусақ театры

Құрметті оқырмандар, біз қызықты ертегіні оқып қана қоймай, үйде отырып оны саусақ театры арқылы бейнелеуімізге де болатынын білесіздер ме? Ол үшін бізге әртүрлі фетр материалы, қайшы, ыстық желім және шығармашылық көңіл-күй қажет. Осы заттар арқылы ертегі кейіпкерлерін жасап, қызықты қойылым ұйымдастырайық! Жасалу жолы видеода көрсетілген.

0
0
496